Ұшқыр ой мен шешен тіл

Ұшқыр ой мен шешен тіл

Ақыл—тозбайтын тон , Білім – таусылмайтын кен. Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен орталық мамандарымен тығыз байланыста келе жатқан «Жусан» операциясы аясында елге оралған отбасы мүшелері арасында  «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.

Халқымыздың рухани байлығын игеруде, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрін насихаттау. Сонымен қатар өз дініне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Әр кезең 5-6 сұрақты қамтыды.

1-ші кезең «Мақал-сөз атасы»

2-ші кезең «Ата дәстүр ұрпаққа өнеге»

3-ші кезең «Дін ислам діңгегім»

4-ші кезең «Тарих ғасырлар куәсі»

Аталған  төрт бөлімнен тұратын сайысқа екі адамнан құралған үш  топ қатысты, яғни алты адам.

  1. «Руханият» тобы. Құрамы:Н.Наманова, Ұ.Ажигалиева
  2. «Патриот» тобы. Құрамы:П.Еркінбай,Ү.Оразгалиева
  3. «Дәстүр» тобы. Құрамы:А.Бекбаева, А.Темиргалиева

Шара соңында үш орын тағайындалып. Орын алушыларға «Технодом» сауда үйінің тұрмыстық заттарына ақшалай сертификат және дипломдар берілді.

Тартысты сайыс нәтижесінде Бірінші орын екі адамға 20.000(жиырма мың теңге), Екінші орын екі адамға 10.000(он мың теңге), Үшінші орын екі адамға 5.000(бес мың теңге)

Қатысушылар мақал-мәтел сайысында өте белсенді болды.

Шара соңынан тәтті шәймен сұхбат дастархан басында өрбіді. Қатысушылар сұрақтардың күрделі болғанын, салт дәстүрден алыстап кеткендіктен жауап беру қиындық тудырғандығын ортаға салды.

Қатысушылар  ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп Аталмыш шаралардың жалғасын табуын өтінді.

Close Menu