Әбу Ханифа – Ханафи мәзһабының негізін қалаған ғұлама.

Әбу Ханифа – Ханафи мәзһабының негізін қалаған ғұлама.

Имам Әбу Ханифаның заманында ілім көбінесе арабтардан басқа ұлт өкілдеріне ие мұсылмандарда болатын. Олар сахабалардан кейін, Аллаһ тағала оларға разы болсын, ұзақ уақыт ислам мемлекетінің ғылыми орталығы болып қызмет етеді. Бұл құбылыс -пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғайыптан жеткізген хабарының расталуы. Имам Ахмад жеткізген хадисте Аллаһтың елшісі (с.ғ.с) былай деді: «Ілім жұлдыздар шоғырында болса да, парсы ұрпақтарынан шығатын адамдар, әлбетте, оған қол жеткізеді». Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбардың (с.ғ.с) қасында отырған едік. Оған «Жұма» сүресі түсті. Ол оны оқып, «Сондай-ақ бұлардан кейінгілерге де.Олар әлі бұларды көздерімен көрмеді» деген жерге жеткенде біз: «Әй, Аллаһтың елшісі, олар кімдер?»-дедік. Үш мәрте сұралмайынша жауап бермеді. Арамызда парсылық Салман болатын. Аллаһтың елшісі (с.ғ.с) қолын парсылық Салманға қойды. Сосын былай деді: «Иман жұлдыздар шоғырында болса да, мыналардан тарайтын адамдар, әлбетте, оған қол жеткізеді». Әл-Бұхари, Мүслім және Ат-Тирмизи жеткізді

Имам Әбу Ханифа, Аллаһ тағала оған рахымшылық етсін, һижраның сексенінші жылы Куфа қаласында дүниеге келеді. Сонда ер жетіп, тәрбие алады. Өмірінің едәуір бөлігі Куфада өтеді. Ата-анасы жайлы онша көп мағлұмат сақталмаған. Бар білетініміз, екеуі де мұсылман отбасында туып, тақуалық тәрбие алған. Әкесі Сәбит сауда ісімен айналысады. Тарих кітаптарында Сәбиттің кішкентай кезінде Әлимен,  Аллаһ тағала оған разы болсын, кездескені жайлы мағлұмат бар. Әли оған және ұрпағына береке тілеп, дұға жасаған екен. Баласының кәмелет жасын көруін жазмыш нәсіп етпей, өмірден озады. Әбу Ханифа әкесінен қалған үлкен дәулетті мұраланады. Сәбиттің Әбу Ханифадан басқа баласының бар-жоғы белгісіз. Сақталған деректер бойынша, анасы баласынан ұзақ өмір сүреді. Әбу Ханифа шынайы мұсылман отбасында тәрбие алады. Өмірінің алғашқы қадамын еңбек саласында әкесі секілді саудамен бастайды. Жас кезінен-ақ көпшілік арасында ерекше парасаттылығымен танылады. Мұны байқаған тарихшы фақиһ Аш-Шаъби оған білім саласына берілуін өсиет етеді. Осы өсиеттің рухымен Әбу Ханифа саудасына сенімді кісіні тағайындап,өмірін ілім саласына арнайды.Әбу Ханифаның өмірлік жолы ислам мәдениетінің биік шыңында көрінетін. Ол Құран Кәрімді Асим қырағатымен жаттайды. Кейін араб тілі грамматикасы мен әдебиетін, хадис ілімін, ислам ақидасы негіздерін үйренеді. Өз ғасырында бой көтерген түрлі топтардың ақида мәселесіне қатысты шақырған пікір таластарына қатысатын.  Өмірінің қалған күндерінимам фиқһ ілімін зерттеуге арнайды. Имам фиқһ ілімін таңдау себебін түсіндіре отырып,былай деген: «Мен фиқһ ілімін ақтарған сайын ол өз маңыздылығын арттыра түсті. Сосын көзім жеткені – оны жақсы білмейінше парыздар да дұрыс атқарылмайды, дін де дұрыс  орнамайды және құлшылық та дұрыс жасалмайды. Онсыз, тіпті, дүние мен ақиреттің табысыда жөн таппайды». Имам өз ғасырындағы үлкен ғалымдардың пәтуаларымен танысады. Жиырма екі жасынанбастап Хаммад ибн Әбу Сүлеймен ғалымнан дәріс алады. Ол кісі дүниеден өткенше қасында болады. Ұстазы дүниеден озған жылы имам қырық жасқа толады. Ол Хаммад ұстазымен бірге Меккеге бірнеше мәрте қажылық жасаған болатын. Ондағы фақиһтармен,( Фиқһ ілімін зерттеуші ғалымдар) мұхаддистермен,( Хадис ілімін зерттеуші ғалымдар) басқа да ғалымдармен кездесіп көп хадистер естиді. Фиқһ мәселелерін ортаға салып, тәжірибе алмасады.

Сахабалардан фиқһ пен ижтиһадты меңгерген табиғундардан білім алуы үшін, имам олардыңелдеріне барып тұратын. Осы ғылыми сапарларына қатысты имам Әбу Ханифа былай деген: «Мен табиғундардан Омардың фиқһын, Ибн Масғудтың фиқһын және Ибн Аббастың фиқһынүйрендім».Қырық жасында имам Куфадағы мешітте ұстазы Хаммадтың орнына шәкірттеріне тәлімберуге отырады. Құран мен сүннетке және фақиһ сахабалардың сөздеріне негізделгенпәтуәлары жарық көреді. Бұл дереккөздерде үкімі айтылмаған мәселені соған ұқсас мәселеменсалыстыру негізінде үкім беру тәсілін – қияс тәсілін қолданады. Осылайша, Куфада төртмәзһабтың алғашқысы – ханафи мәзһабы пайда болады. Имам Әбу Ханифа пайғамбарымызды (с.ғ.с) өнеге тұтып, күнінің күндізін оразамен, түнін Құран оқып тәһажжуд намазымен өткізетін. Көңілінің көктемі мен жүрегінің нұры Құран болатын. Адамдар оны әрдайым Аллаһ тағалаға бағынышты күйде жүретінін көретін. Көршілерінен жеткен хабарда имам Әбу Ханифаның таһажжуд намазында жылап тұратыны және қарапайым мінезді болғаны айтылады. Әке-шешесіне дұға жасап, олардың атынан пақырларға садақа тарататын. Табысына арам табыс араласпас үшін саудасын мұқият тексеріп отыратын. Бірде серігі ақауы бар киімді біле тұра сатып қояды. Мұны ести сала имам сөредегі бүкіл тауарын садақа етіп таратып жібереді. Аманатқа сенімділігін көрген халық оны саудаісінде Әбу Бәкірге, Аллаһ тағала оған разы болсын, ұқсататын. Замандастарының бірі Малихибн Уакиъ имам жайлы былай деді: «Әбу Ханифа өзіне тапсырылған аманатқа қатты қарайтын. Аллаһ дегенде жүрегі қалтырайтын. Аллаһтың разылығын бүкіл нәрседен артық көретін. Аллаһ үшін қылыш көтеру қажет болса, көтерер еді». Фадил ибн Ъияд имамныңкөркем мінезділігі жайлы былай деді: «Әбу Ханифа – фиқһ ілімін жетік меңгерген ғалым. Мол дәулетін мұқтаждармен бөлісетін. Күдіз-түні білім іздеуде сабырлық танытатын. Түні құлшылықпен өтетін. Көп ойланатын. Аз сөйлейтіні соншалықты, өзіне шариғат мәселесінде қойылған сұраққа пәтуа айтуы үшін ғана сөйлейтін секілді. Адамдарды ақиқатқа бастайтын. Имам Әбу Ханифаның ғасыры түрлі қайшылықтар мен ағымдарға толы болатын. Ол Үмауия мемлекетін де, Аббасия мемлекетін де көзімен көрді. Сұлтандардың алдындағы ұстанымы ашық және берік болатын. Үмауия мемлекетінің Куфаға тағайындаған әкімі Омар ибн Һабираимамды өз қасына қызметке шақырғанда ол бас тартады. Әкім оны абақтыға қамап, азапшектіреді. Абақтыдан шыққанда Әбу Ханифа Меккеге қоныс аударуға мәжбүр болып,һижраның 130-136 жылдары сонда тұрады. Меккеде Ибн  Аббастың, Аллаһ тағала оған разы болсын, ғылыми мұрасы саналатын фиқһ пен хадис ілімдерін үйренуін жалғастыруы нәсіп болады. Билік басына аббасиялықтар келгенде имамның Куфаға оралуына мүмкіндік туады. Куфадағы мешітте дәріс беруін қайта жалғастырады. Халифа Мансұрдың Әлидің әулетіне қатысты қате ұстанымын бірде Әбу Ханифа сынға алады. Мансұрдың қасындағы кейбір адамдар имамды күндеп, халифаны оған қарсы жауластырады. Имамның сұлтанға деген ықыласын сынамақшы болған халифа оған сот қазы қызметін ұсынады. Бұл қызметте нәпсі күнәға былғанып, үлкен қатерге ұшырайтынын жете білетін имам Аллаһтан қорқып, ұсыныстан бас тартады. Қызметті қабыл алмағаны үшін халифа оны абақтыға салып, ұзақ уақыт азап шектіреді. Кейін рақмет айтып, шүкір етуі үшін пәтуа қызметіне кіріссін деп, халифа имамды абақтыдан шығарады. Алайда имам пәтуа беру қызметіне отырмайды. Халифа оны абақтыға қайта салып, ұзақ уақыт азап шекітіреді. Кейін босатып, адамдармен кездесуінеде, пәтуа беруіне де мүлде тыйым салады. Осыдан кейін имам Әбу Ханифа һижраның 150 жылы өмірден озғанша үй қамауында болады. Өсиеті бойынша имам Хизранда жерленеді. Жаназасына елу мың адам қатысады. Тіпті халифа Мансұрдың өзі қателігі мен имамның діндарлығын мойындаған түрде имамның жаназасына қатысады. Аллаһ тағала имам Әбу Ханифаны рахымына бөлесін! Амин

 

 

«Шапағат қоғамдық қорының» Индер ауданы бойынша теологы Ерлан Сағынов

Close Menu