Діни бірлестік басшылары мен қызметкерлерге арналған біліктілікті  арттыру курсы өтті

Діни бірлестік басшылары мен қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы өтті

Атырау облысы  Дін  істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығы тапсырысы  аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа  шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық  негіздері» тақырыбында  Діни бірлестік басшылары мен қызметкерлерге арналған бір күндік семинар ZOOM бағдарламасы   арқылы онлайн режимінде өтті.

Курста «Дін және зайырлылық»,  «Дін және мемлекеттік қатынас» туралы конфессиаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы департаментінің директоры Есенова Диана қатысушыларға баяндама аясында түсінік жұмыстарын жүргізді.

 «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің SMM секторының меңгерушісі Бисембиева Мақпал Жүрсінқызы «БАҚ және интернет ресурстарда діни діни тақырыптардың өзектілігін ашып көрсету және көпшілікке өтімді тақырыптар таңдай білу» тақырыбындақоғам талқылауындағы діни өзекті мәселелер сарапталып, оларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде халыққа түсінікті, оқылымды қылып жеткізу жайы түсіндірілді.

Семинар қaтысушылaр aрaсындa пiкiр aлмaсу түрінде аяқталады.

Қатысушылар саны –  29   адам.

Close Menu