Ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне біліктілік арттыру курсы өтті

Ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне біліктілік арттыру курсы өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының мемлекеттік тапсырысы негізінде Шапағат орталығы АТТ мүшелеріне «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында ағымдағы жылдың 28 тамызында бір күндік біліктілік арттыру курсын ұйымдастырды. Аталмыш тақырыпқа сай «Kazislam» сайтының бас редакторы, республикаға танымал дінтанушы Т. Абуов дәріс оқыды.
Сонымен қатар, Шапағат және Жәрдем Атырау орталықтарының тарихшы, дінтанушы маманы Е. Абзалов Қазақстан аумағында сақталуы тиіс тоғыз саладағы зайырлылық қағидаларымен таныстырды.
Шара соңында орталық психологы Г. Құбышева жасөспірімдердің діни ақпаратты тұтыну, пайдаланудағы сын-қатерлеріне тоқталып, дәріс оқыды. Обылстық, аудандық, қалалық АТТ мүшелерінен 51 адам біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Close Menu