Сенімге құрмет – дінге құрмет

Сенімге құрмет – дінге құрмет

Сенім деген адамды қоршаған дүниелерге сену, илану дегенді білдіреді. Әр адам сенім деген сөзге әртүрлі түсіндірмелер беретіні анық. Соның ішінде діни сенімнің адам өмірінде алатын орны бөлек. Діни сенім мұсылмандар үшін Алла тағалаға құлшылық етіп, парыз еткен нәрселерді орындау және жақсылыққа илану болып табылатыны мәлім.

Алла тағала  Құран Кәрімде: «Адамдар мен жындарды тек өзіме ғана құлшылық жасау үшін жараттым» (Зарият сүресі, 56 аят) дейді. Яғни, көріп тұрғанымыздай мұсылман адам Алла тағалаға құлшылық жасау арқылы шынайы бақытқа жете алатыны сөзсіз. Қандай да дінді ұстанушы тұлға сеніп, иланып қана қоймай, дінге құрмет көрсетуді  қажет етеді.

Өмірінен бас тартып, өз өзіне қол жұмсап жатқан жандарды қоршаған ортамыздан көріп жатамыз. Немесе діндар адам құдайдан сенуден қалған сияқты түрлі мысал келтіруге де болады. Адамның рухани құндылықтары бір орында тұрмайды. Ғаламшарымызда түрлі дін өкілдері, түрлі ұлттар өмір сүреді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Басқа дін өкілін сыйлаңдар, олармен жақсы қарым қатынаста болыңдар»  деген. Көріп тұрғанымыздай, Ислам  діні барлық діндердің сенімдерін, ұстанушы тұлғаларды сыйлауға үндейді. Тағы бір хадисте: «шынайы мұсылман тілімен де, ісімен ешкімге зиян келтірмейді» делінеді.

Жаннат адамға ұнамсыз көрінген нәрселермен, жаһаннам нәпсіге ұнайтын нәрселермен толтырылған. Шынайы бақытқа қол жеткізу үшін адам үздіксіз әрекет жасап, бір орында тұрмауы керек. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан, діни сенім бостандығы бар. Діни сенім бостандығы дегеніміз – әр адам өзі қандай дінді ұстанғысы немесе ұстанбауы өз еркінде. Мемлекетімізде әр дінді, әр ұлты құрметтеуге шақырады. Барлық дін өкілдерінің сенімдері, культтары барлығы тең дәрежеде. Сенімге құрметке көрсету арқылы бейбіт қоғамда өмір сүріп келеміз.

Сенімге  құрмет көрсету дінді құрметтеу болып табылады. Сол себепті діни алауыздыққа, ұлт пен ұлыс болып бөлінбеуіміз қажет. Бір-бірімізге көрсетілген құрмет арқылы қоғам дамиды. Сонда ғана жас ұрпақ бейбіт қоғамда өмір сүреді. Әрдайым жақсы, игі іс әрекеттер ғана үлкен жетістіктерге жетелейді. Дінге құрмет көрсету шынай жүрек түкпірінен шығатын болса, ол шынайы болмақ.

Шынайы құрмет көрсете білетін жандардан болуды барлығымызға Алла тағала басымызға жазсын дегім келеді. Жарқын тура жолмен жүру өзіміздің қолымызда екенін ұмытпайық.

Close Menu