Құрбан айт – қайырымдылық мерекесі!

Құрбан айт – қайырымдылық мерекесі!

Күллі мұсылман асыға күтетін ұлық мерекенің бірі – Құрбан айт. Мұсылманның мәртебелі екі мейрамының бірі саналатын Құрбан айт күні Алла разылығы үшін құрбандық малы шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын, мұсылмандар шаттыққа бататын күн.

Қазіргі сындарлы сәтте қастерлі мереке халқымыздың бірлігін, бауырластығын нығайтуға ықпалын тигізіп отыр.

Қасиетті Құрбан айт адамзатты бейбітшілік пен келісімге, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндеп, мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты адами құндылықтарды да насихаттайды.

Осы орайда, бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға мереке қарсаңында көмек көрсетті. Орталық директоры М.Тұрлыбеков бастаған топ, құрбандыққа мал шалып, оның еті мен азық-түлік себеттерін әлеуметтік жағдайы төмен 18 отбасыға санитарлық талаптарды сақтай отырып, үйлестіріп берді. «Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Осы игі бастаманы жүзеге асырған қызметкерлерге алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, береке, бақыт және мол табыс тілеймін! Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы әрі тыныштығы мәңгілік болғай!», деді Мұрат аяпұлы. Бүгінгі көрсетілген қамқорлық үшін тұрғындар «Шапағат» Қоғамдық қорының ұжымына зор ықыласын білдіріп, денсаулық пен жұмыстарына толағай табыс тіледі.

   

 

Close Menu