БАЛА – БАҚЫТ, БАЛА – БАЙЛЫҚ

БАЛА – БАҚЫТ, БАЛА – БАЙЛЫҚ

«Өмірдің бір қызығы – бала деген». «Бала – болашағымыз». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді.
Жас ұрпақ тәрбиесінде білімге, еңбекке баулудың маңызы жоғары. Қазақ ерте кезден-ақ жас баланы еңбексүйгіштікке, жалқаулықтан аулақ болуға үйреткен.
Ұлы ойшыл әл-Фарабидің өзі «Тәрбиенің негізі – еңбекте» дейді. Тіпті, білім алудың өзі еңбек арқылы келеді. «Тайдың – мінілгені, баланың – жұмсалғаны білінбейді» десек те, егемен елдің ертеңі болар бүгінгі өрендерге жан-жақты тәрбие беріп, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз етіп, толыққанды білім алуына жағдай жасау Қазақ елінің басты міндеті. Бұл ретте ашық қоғам, әділетті мемлекеттің атқарар рөлі зор.
Осы орайда Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен теолог мамандардың дәрісін тұрақты білім алып жүрген мешіт жамағатының балаларына «БАЛА – БАҚЫТ, БАЛА – БАЙЛЫҚ» атты мәдени спорттық ынталандыру шарасы өткізілді.
Аталмыш шараға «Шапағат» ҚҚ тығыз байланыс орнатып, әр шараға белсенді ат салысып жүрген аналар мен балалары қатысып, футбол ойыны ұйымдастырылып, спорттық күзгі киімдер табысталып, тәтті дастарханмен жалғасты. Дастархан басында қатысушылар өз тарапынан ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта ұстаздарының дәрісіне үнемі қатысатындарын қуана жеткізді. Бала – бақытты болуы үшін жаралған. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты, дәлірек айтқанда біздің мақсатымыз.

Close Menu