Ғошия сүресінің тәпсірі

Ғошия сүресінің тәпсірі

Көптеген басқа сүрелер секілді бұл сүреде Меккеде түскен 26 аяттан тұратын  сүрелерден болып табылады. Өзінің атауын бірінші аятында келген бүркенуші  (Ғошия) деген сөзбен аталған. Бүркенуші – Қиямет күндерінің ең көп аталытын күндері. Бұл сүренің басты тақырыбы сол қияметтің ауыр жағдайлары жане Алланың шексіз құдрет иесі екендігі туралы болмақ. Осылайша сүренің атауымен оның мән-мағынасы бір-бірімен байланысты болады.

Сүренің басы қияметте болатын адамдардың екі түрі туралы айтылады олар: иман еткендер мен Аллаға қарсы келгендер. Ал соңы болса, сол адамдарға арналған жаннат пен ауыр азап дайындалғаны туралы айтылады. Міне, осылайша сүренің жоғарда айтылған атауымен мән-мағынасымен байланысты болған секілді, басы мен соңында келген аятта бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл Алланың Құран түсірудегі аса шеберлігін көрсетеді.

Сүренің басталуыда  оның алдында келген Аса биік (Ағла) сүресімен де ұқсастығы бар. Өйткені,  Ағла сүресі дүниелік өмірден гөрі мәңгілік өмірдің абзал екені туралы хабар берсе, Ғошия сүресі сол мәңгілік өмірдің хал-ахуалы турасында бізге баян етеді. Алайда, екі сүрені байланыстыратын тек бұл нарсе емес бәлки, екі сүреде Алланың қиметте барлық жанға қайтадан жан бітіретіні оларға дүниеде істеген істеріне сай Жаратушының алдына барғанда есеп-қисап болатыны, оларға дайындалған бау-бақшалармен лаулап жанған от туралы мәлімет береді.

Енді, сүренің өзін үшке бөліп қарастыруға болады:

  1. Күнәһарларға арналған жолмен жақсылықта жарысушылардың жағдайы
  2. Пайғамбардың (с.ғ.с.) міндеті
  3. Алланың ұлық ілімі мен құдіреті.

 

(Ғошия сүресі) سورة الغاشية

بسم الله الرحمان الرحيم

  1. هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ (Уа, Мұхаммед!) саған жер‑жаһанды түгел қамтитын сол бір алапат туралы хабар жетті ме?! Алапат хабар дегені – қиямет күні.
  2. وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ خَاشِعَةٌ

Ол күні үрей билеп, қор болған жүздер болады.  Яғни, қиямет күні залымдар, күнәһарлар жүздері қорқыныштан, қап-қара мөр басылғандай болады.

  1. عَامِلَةٌ نَّاصِبَةٌ

(тек қана бұл дүние үшін) бейнеттеніп, әбден титықтаған, осы дүниеге әбден құмарланған, есеп күнін ұмытқан.

  1. تَصْلَىٰ نَارًا حَامِيَةً

Күнәһарлар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады.

  1. تُسْقَىٰ مِنْ عَيْنٍ آنِيَةٌ

Олар ға тек бұрқ‑сарқ қайнаған қайнард

ан ғана су беріледі.

  1. لَّيْسَ لَهُمْ طَعَامٌ إِلَّا مِن ضَرِيعٍ

Бар жейтіні тікені бар улы өсімдік қана.

  1. لَّا يُسْمِنُ وَلَا يُغْنِي مِن جُوعٍ

Ол өсімдік азық та болмайды, аштықты басып, түк те қарны тоймайды.

  1. وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَّاعِمَةٌ

Сондай‑ақ ол күні (қыруар нығметке бөленіп) қуаныштан бал-бұл жанған қуанышты жүздер де болады.

  1. لِّسَعْيِهَا رَاضِيَةٌ

(Дүниеде жүріп ақирет үшін) еткен еңбектерінің жемісіне дән   риза болған (жүздер).

  1. فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ

олар зәулім жаннатарда болады

  1. لّا تَسْمَعُ فِيهَا لاغِيَةً

Араларында лас, жаман сөз айтатындар болмайды.

  1. فِيهَا عَيْنٌ جَارِيَةٌ

Хор қыздар ұсынылады.

  1. فِيهَا سُرُرٌ مَّرْفُوعَةٌ

Биік – биік  тақтар бар.

 

  1. وَأَكْوَابٌ مَّوْضُوعَةٌ

Сондай- ақ шараптар мен түрлі сусындарға толы ыдыстар.

  1. وَنَمَارِقُ مَصْفُوفَةٌ

Жастануға жане сүйенуге лайықталып қаз – қатар тізілген жұмсақ жастықтар

  1. وَزَرَابِيُّ مَبْثُوثَةٌ

Жайылым төселген масаты кілемдер бар.

Жоғарыда көрсетілген сүренің 16 аяты атап өткендей қияметтің күндерінде болатын екі топтағы адамдар жайында бейнелейді. Ол күн бүркенуші деп аталды себебі, адамдар дүние де жасаған істерін бүркеніп топ – тобымен Алланың алдына қорыққан күйде келеді де, жақсылығы артса жәннатқа жамандығы басып кетсе   тозақ отына тасталады.

Тозақтықтар оттың арасында күйген үстіне күйіп қайта-қайта тасталына береді. Олар қарны ашып азық етер бір нарсе сұрағанда, оларға қарынды еш тойдырмайтын тікеннен болған тамақтар беріледі, ал, шөлдеп су сұрағанда қатты қайнатылып іріңмен, қан араласқан су ұсынылады. Олар істегендеріне қатты өкініп жан-айқайы шыққанша айғайлаумен болады. Ол неткен жаман жер?!

Назар салатын болсақ, Алла Тағала алдымен тозақтықтардың ауыр жағдайымен қорқытып, кейін жәннатағылардың қуаныштарын жеткізді. Бұл оқып отырған адамның жүрегіне ең алдымен, тозақтық болып кетпес үшін Аллаға деген қорқынышты ұялатып барып, жәннатқа асығу үшін жақсылық істерді көптен-көп жасауға ұмтылдыру. Жәннатықтарға келетін болсақ, олардың әр қалағаны орындалып дүниеде дәмі еш кездеспеген сусындар мен жемістер беріледі. Қалағандарынша үлкен тақтарға отырып, хор қыздарымен көңіл көтерумен болады. Ол, дүниеде жасаған жақсы, салихалы істерінің жемісі.

  1.  أَفَلا يَنظُرُونَ إِلَى الإِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ

Ақыл иелері түйенің қалай жаратылғанын,

  1. وَإِلَى السَّمَاء كَيْفَ رُفِعَتْ

Аспанның еш тірексіз тұрғанын,

  1. وَإِلَى الْجِبَالِ كَيْفَ نُصِبَتْ

Таулардың жерге қазық болып қадалғанын,

      20.وَإِلَى الأَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ

Жердің қалай өмір сүретін мекен еткенін ойланып, қарамай ма!? Егер де адамдар жоғарыда айтылған тозақ пен жәннат турасындағы қиямет күніне күмәндана қараса Алла оларға жауап ретінде осы аяттарды келтірді. Өйткені, ол аяттар Алланның үлкендей жаратылыстары жер, аспан, таулар тіпті шөлге шыдамды түйе секілді нарселерді жаратып тұрғанда қалайша оның қасында адамдарды қайтып жарата алмайды!? Қалайша барлық мүліктің иесі бола алмайды!?

 

  1. فَذَكِّرْ إِنَّمَا أَنتَ مُذَكِّرٌ

Ей, Мұхаммед ендеше сен ескерт! Себебі сені ескертуші етіп жібердік.

  1. لَّسْتَ عَلَيْهِم بِمُصَيْطِرٍ

Алайда оларды тура жолға салатын сен емес , тек бізғана.

  1. إِلاَّ مَن تَوَلَّى وَكَفَرَ

Кімде – кім тура жолдан бер бұрса

  1. فَيُعَذِّبُهُ اللَّهُ الْعَذَابَ الأَكْبَرَ

Аллаһ оны ауыр азаппен азаптайды.

  1. إِنَّ إِلَيْنَا إِيَابَهُمْ

Расында, барлықтарын бізге қайтушысыңдар!

  1. ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا حِسَابَهُمْ

Және сендердің есеп – қисаптарың бізге ғана тиесілі.          Соңғы аяттар алғашқы аяттармен байланыстылығы көрінеді, себебі екі тарапта да қиямет азабы айтылды сонымен қатар пайғамбарлық міндет туралы, яғни Алланың барлық ескертуін жеткізуші туралы айтылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдын өткен басқа пайғамбарлар секілді Алланың дініне шақырумен болды. Оның ісі –  тек ескерту. Сондықтан да ол күштеп немесе өз күшімен адамдарды дінге алып келуге әлсіз еді.

Қиямет күні өте жақын! Сол ауыр күні маңдай терімен құлшылық қылған адамдар Алланың ашуынан құтылады.

Қорыта келгенде, Алладан түскен аятқа амал етіп, қаһарынан қорқу – мұсылман адамның иманын кемелдендіріп, ізгілікке жетейтін игі қадам.

Close Menu