Амал дәптерін ізгілікпен толтыру – жұмаққа жетелейтін жол

Амал дәптерін ізгілікпен толтыру – жұмаққа жетелейтін жол

         Ислам діні – әлемге кең тараған әлемдік дін. Себебі бұл дүниедегі керекті және туындап жататын сұрақтардың барлығына жауаптар берілген. Алайда Алла тарапынан түсірілмеген діндерде бүкіл сұрақтарға жауаптар берілмеген және бере де алмайды. Себебі ол діндер адамдар тарапынан ойлап табылған дін болып саналады. Ислам дінінде адам баласы өзінің іс әрекеттерін жасау арқылы өте үлкен жетістіктерге жетеді, себебі Алла тағала Құрани кәрімінде «Кім де кім менің айтқандарымы орындап тыйғандарымнан тыйылса әлбетте, мен оларды өз мархеметіме бөлеймін» деген. Сол себепті біздер құлшылықты текқана Жаратушы иемізге ғана жасауымыз керек екен.

Ендігі жерде қалайша амал дәптерімізді ізгілікпен толтыруға болады? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде кімде кім Бисмиллаһир рохманир рохим деп бір жанға жақсылық жасар болса, әлбетте ол жақсылық нұрлы болмақ, ал кім де кім жамандық жасар болса онда амал дәптеріне жамандық жазылады. Сол себепті жұмақтан орын табуды қаласақ жақсылық жасауды өзіне әдетке айналдыру керек. Алланың елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіп бір кісі мен кімге жақсылық жасайын дейді:   сонда анаңа деп 3-рет айтты онан кейін ше деген де туысқа, мұхтажға, жарлы-жақыбайға, жетім-жесірге, көршілеріңе, жақындығы жоқ көршілеріңе, сапардағы жандарға, қарамағыңдағы құлдар мен күңдерге, деп жақсылық етудің жолдарын түсіндіріп берген. Сол себепті жақсылық адамзат баласын жан тәнін нұрға бөлейді. Себебі жақсылықтың ақыры қасіретпен аяқталмйды, береке болады. Сол себепті жақсылық жасап амал дәптерімізді ізгі амалдармен толтыруды нәсіп еткей.

 

Мухиддин Асқарұлы,

«Шапағат» ҚҚ-ның теологы

Close Menu