Бала -көңілдің гүлі, көздің нұры

Бала -көңілдің гүлі, көздің нұры

Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты – балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған тергенін балаларының жолына, қолына берген. Сондай-ақ, әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

Осыған орай Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек  орталығы» өңіріміздің әйелдер жамағатының балаларына, діндар отбасыларының балаларына және Елбасының 2019 жылғы «Жусан» гуманитарлық операциясымен елімізге оралған балаларға 1 маусым  халықаралық балаларды қорғау күніне орай  100 балаға мерекелік көңіл күй сыйлап, базарлық табыстап қайтты.

Аталмыш шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге қуаныш сыйлап қана қоймай олардың әрқайсысының үйіне аяқтай барып, көтеріңкі көңіңл күй сыйлау. Әр адамның өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таныту. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда ғана, алдына қойған мақсатына жете алатындығын айту. Адамның жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі бар екендігін айтып түсіндіру. Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін, Отанын сүюі, танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейтіндігін айту.

Аталмыш күн Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шара. Басты мақсат – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балалар кіршіксіз ақ парақ сияқты. Осы параққа саналы тәрбие әліппесін жазу, осы парақты от пен судан сақтау – парыз. Ата-анаға ғана емес, қоғамға да. Өйткені олар – өмірдің шуақ нұры.

Close Menu