Діни сауаттылық – тура жолға бастайтын шамшырақ

Діни сауаттылық – тура жолға бастайтын шамшырақ

«Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?»

(Зүмәр сүресі 9-аят)

 

Ислам бүкіл әлемдік дін ретінде қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрі, мінез-құлқына, әдет-ғұрпы мен тыныс-тіршілігімен біте қайнасқан өмір сүру ұстанымы болып есептеледі. Өйткені,  Ислам діні жай ғана сенім емес қоғамды, адамдарды  бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырып әлем тыныштығын сақтауды үндейді. Әрине, адам баласы осы бейбітшілікті сақтау жолдарын жасау үшін білім керек.

Енді осы білім сөзіне аз тоқталсақ: Шариғат тілінде білім сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында, Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы – білім алу және іздену.   Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі.

Әбу Асуад есімді мұсылман ғалымы білімге  қатысты былай деген екен: «Ғылымнан асқан азиз нәрсе жоқ. Патшалар адамдарға билік жүргізсе, ғалымдар патшаларға билік қылады». Білім – ақылдылық пен парасаттың белгісі. Құранда Алла тағаладан түскен бірінші қасиетті сөз:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ

«Сондай, жаратқан Раббыңның атымен оқы!» (Әлақ сүресі, 1-аят).

Яғни, Құранның ең алғашқы аяты адамзатты оқуға бұйырады. Білім ал, бірінші өзіңді таны сонда раббыңды танисың.  Әлемді оқы, ғылымды ізден 18 ғаламның жаратылу себеін біл! деген мағынаны меңзейді. Мына дүниенің жаратылыс сырына үңіліп ақ пен қараны айруға тырсуымыздың өзі даналықтың, есігіне беттеу болып табылады ол жайлы Алла тағала: «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» (Анкабут сүресі, 43-аят).

Адам өзін-өзі танып, раббысын таныса мына дүниенің жаратылу себебін оқып білсе, ол адамзат үшін пайдалы іс жасайтын толыққанды тұлғаға айналмақ.   Себбебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

طلب العلم فريضة على كل مسلم

«Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз» (Ибн Мәжә риуаяты) – деген.

Міне, осы аят-хадистерден біз Ислам дінінің білімге берген орнын көреміз. Ендеше, мұнда білім туралы тек Құранды оқып бес уақыт намазды білсең болды деген мағына шықпайды.  Қасиетті Құранда: «Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлыстарға, ру-тайпаларға бөлдік. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуа болғандарың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» (Хужурат сүресі, 13-аят) деп ескертеді. Себебі, бұл біз өмір сүріп жатқан бір үлкен сынақ өмір адам баласын адам ететін тәрбие болса, оны кәсіпке айналдырып тіршілік жасататын ақыл, дүниеде адамзатқа пайдасын тигізетін іс жасап өмір сүріп жатқан ортаңа сені қадірлі ететін, ақиретте Алланың ризалығына қауыштратын ол – имандылық.

 

Дін қоғамдағы өткірде нәзік мәселе сол себепті  әлемдік деңгейдегі саяси немесе теріс пиғылды қандай да бір лаңкестік ұйымдар әрқашан өз мақсаттарын іске асыруда діннің атын жамылып  адамзат қоғамына оңтайлы шабуыл жасауда.

Алыстан айтпасақ та көз алдымызда болып жатқан ұл-қыздарымыздың  діни экстремистік  топтардың қол шоқпарына айналып адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға белсене қатысып, тіпті Сирия соғыс аймағына аттанғаны да діни сауатсыздықтан  болған орны толмас өкініш еді. Алайда осы бір діни сауатсыздықтан туындаған қате қадам күніміздегі дін ұстанушы қоғам үкілдерімен жастарымызға саналы сабақ болы керек.

Адам тек дүние білімін немесе діни біліммен шектелмеуі керек әрқашан тіршілік үшін керек әр білімді алуға міндетті. Ислам діні ешбір салаға немесе ешбір адамға білім алуды, сауатты болуды шектемейді. Алайда өкіншке орай, күнімізде  білімсіздіктен осы асыл дінімізді қадірлей алмай жатқанымызды жасыра алмаймыз.

Бейбіт отаннан астына су шыққандай Сирияға  Халифат құрамыз деп жар салып аттанған ұл-қыздарымыздың адасуының басты себебі осы – білімсіздік.    Отбасынан, ата-анадан  дәстүрлі тәрбиемен сусынын қандырмаған, таяқты әлиф деп білмеген бауырларымыздың барған жолын тұтқан құбыласын көзімізбен көрдік. Соңы тек өкініш жақындарын жоғалтып жандары ауырумен, ең соңында темір торға түсіп заң алдында жауап берумен тынды.

Өткен күннің еншісінде қалған осы қасіреттің түнегіне апаратын білімсіз адасудың арбауына түспеудің емі – білім алу.  Білім адамның бақытқа баратын жолы, дарындылықты ашып талантқа жетелейді. Білімділік кеуделердің жан сарайын ашып, әлемге көз салуды, адамға мейрімді болуды, отан үшін қызмет етуді, туған елге жерге деген борышын сезінуді, туған ұлтын, ата-анасын қадірлеуді, досты қасиеттеуді үйретеді.

Білім бойында болған адамға ешкім қоқынышпен қарамайды, білім бойында болған адам басқалар үшін қорқынышты іс-әрекет жасамайды. Яғни білімді адам адамзат үшін хауыпсыз, пайдалы адам, адамдарға асыл діннің қасиетін жеткізуші, ата-бабаның ардақты мұрасын қасиеттеп ұрпаққа жеткізуші болмақ.

Көрнекті ортағасыр ғалымы, Әбу Хамид әл-Ғазали өзінің «Ихя-у Улум әд-Дин» ғылы-білімнің қадірін былай айтады: «Ғылым үйреніңіздер! Рас, Алла үшін ғылым үйрену – тақуалық. Оны талап ету – құлшылық. Ғылымды оқу – Алланы зікір ету, ғылымды іздеу – жиһад, ғылымды білмейтін адамға үйрету – садақа беру, ғылымды лайық адамға беру – Аллаға жақындау. Ғылым жалғыздық кездегі – жаныңдағы серігің, достықтағы жолдасың, қуаныш пен қайғы кезіңдегі ортағың, қиын қыстаудағы демеушің, жат жерде жүргенде – бауырың, жаннат жолындағы шамшырақ. Алла ғылымның арқасында пендесін – елді өсіретін, басқаларды соңынан ерітетін басшы, дұрыс жолды көрсетуші мырза етеді».

Бір ғұлама: «Ақыл – топырақ, топыраққа не ексең сол шығады», – деп айтқан екен. Егер білімсізге ойы арам адам жолығып, жақсыны жаман, ал жаманды жақсы етіп үйретсе, онда ол дүниені солай түсінеді.

Ендеше сөз түйіні, ата-бабамыздан қалған «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», – деген сөзін өмірімізге өрнек тұтып, діни сауаттылық – тура жолға бастайтын шамшырақ екенін ұмтпайық ағайын.

Қатеп Миланбекқызы,

«Шапағат» ҚҚ-ның маманы

Close Menu