Тәубе – Аллаға тәуекел етудің негізі

Тәубе – Аллаға тәуекел етудің негізі

Ақиқатында, адамзат баласы алдында не боларын білмейді, сол себепті Жаратушы иеміз өзіне тәуекел етуді бұйырады. Құран кәрімде «Мүміндер тек қана Алла тағалаға тәуекел етсін» (Әли-Имран сүресі, 11-аят) деген аттың кездесуі – соның дәлелді.

Омар (р.а): Алланың елшісінің (с.ғ.с.) «Егер де Алла Тағалаға шынайы тәуекел ете білсеңдер, Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», – деп айтқанын естідім», –деген (Термизи, зуһд 33). Абу Хурайрадан (р.а): Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтын адамдар кіреді», – деп айтты», – деген (Муслим, жәнна 27).

Қарап отырсаңыздар, ағайын Жаратушы иеміз біздер үшін қандай да бір жағдайда қалсақ та өзінен басқадан жәрдем сұрамай тек қана өзіне ғана тәуекел етуімізді бұйыруда. Ақиқатында, баршамыздың ризығымыз тек қана Алланың қалауымен ғана берілетіні ақиқат, өйткені ешбіріміз осы күнімізге дейін өзімізге жұмсаған қаражаттарымызды есептей аламыз ба? Жоқ. Есептей алмаймыз, алайда біздер айтамыз мен таптым менің дүнием т.б. сынды жайттармен өзімізді өзіміз алдаудамыз.

Ақиқатында, біз бұл күнге дейінгі қаражаттарды есептеп, есебіне жете алмаймыз, шындығында осынша ризықты берген жаратушы иеміз екендігіне ешкім күман келтірмесігіне барлығымыз білеміз. Сол себепті Құдай тағалаға барлығымыз шынайы сеніп шын жүректен тәуекел етсек, көптеген жетістікке жететініміз анық.

Close Menu