Айша анамыздың (р.а.) тақуалығы

Айша анамыздың (р.а.) тақуалығы

Айша анамыз (а.с.) Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) пайғамбарлық берілместен 4-5 жыл бұрын дүние есігін ашқан. Әкесі Әбу Бәкір (а.с.) жаһилия кезеңінде теріс іс-әрекеттерден өзін аулақ ұстаған парасатты жан бола білген. Айша анамыз (р.а.) діндар отбасында тәрбие алған. Әбу Бәкір (р.а.) отбасында  балаларының барлық іс-әрекеттерін қадағалап, тек жақсы игі істер жасауға шақырған. Айша анамызға (р.а.) пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелі болу мәртебесі жазылған.

Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Айша анамызға (р.а.) деген сыйластығы мен махаббаты ерекше болғандығын байқауға болады. Мұның дәлелі ретінде пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кімді сүйесің дегенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Айшаны»  деп жауап қайтарған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында жүріп Айша анамыз әрдайым қолдау көрсетіп отырған. Әкесі Әбу Бәкір (а.с.)  пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жанынан табылатын жақын досы. Айша анамыздың тақуа болғаны сонша, Жәбірейіл періштенің өзі «Әссаляму алейкум» деп амандасқандығы келтіріледі. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өзі Айша анамызды (р.а.) жұмақтағы әйелі болатындығын жеткізген.

Ибн Саад (р.а.) бір күні Айша анамыздың (р.а.) Алланың оған берген он құндылығын атап берген. Осы құндылықтары арқылы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) басқа әйелдерінен ерекшеленіп тұратын. Соған қарамастан, Ислам дінінің дұшпандарынан Айша анамызға (р.а.) түрлі жала жабылған. Алайда Алла тарапынан Құран аяттары түсіріп, кінәлі еместігін дәлелденген.

Ислам дінінде Айша анамыздың (р.а.) алар орны бөлек. Айша (р.а) арқылы пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) түрлі хадистерді жеткізген ұлы тұлға. Қолындағы барлық дүниелерді Алла жолында жұмсай білген ізгі жан. Алла алдындағы қорқыныш сезімі Айша анамыздан (р.а.) әрдайым байқалып тұратын. Соның дәлелі: «Алланы үнемі есіне алатын ағаш болғанымда ғой,Қиямет күні зардабын тартпас едім» деген. Айша анамыз (р.а.) құлшылыққа, тақуалыққа айрықша мән беретін. Көбіне ораза ұстаумен өткізген. Қолыңдағы барына қанағат ететін жандардан болған. Жетімдерге қамқорлық көрсетіп, оларға тәрбие де берген.

Алла расулы (с.ғ.с.) соңғы демін Айша анамыздың (р.а.) бөлмесінде көз жұмған. Сонымен қатар, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол жерде жерленген. Алла елшісі қайтыс болғанан кейін Айша анамыз (р.а.) өзінің жиған ілім сусынымен бөлісіп отырған.

Барша мұсылман қауымы ерекше құрметтейтін. Білмейтін сұрақтарын Айша анамыздан (р.а.) келіп алатын болған. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бар болғаны тоғыз жыл ғана отасқан. Айша анамыз (р.а.) өзінің зеректігімен, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен хадистерді риуаят еткен.

Ислам дініне қосқан үлесі ұшан теңіз. Алла тағала қыздарымызға Айша анамыздың (р.а.) қарапайымдылығын, тақуалығын нәсіп еткей. Қыздарымызға тек қана игі істерді орындауға жазсын. Қазақта «ел болам десең-бесігіңді түзе» демекші, өсіп бойжеткен қыздарымыз ізгі жандардан болғай.

 

Рустамқызы Малика

Close Menu