Атырау – қайырымды қала

Атырау – қайырымды қала

Атырау – қайырымды қала. Бұған бүгінгі іс-шарамыз дәлел болды. Коронавирустың тез таралуына қараматсан, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қордың ұйымдастыруымен «Жусан» операциясымен елімізге оралған отбасы мүшелерінің қолдауымен карантинге жабылған Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты жедел жәрдем станциясына, медицина қызметкерлері, арнайы автобаза,  атырау жолдары қызметкерлеріне арнайы қолымыздан түскі ас дайындалып тарату акциясын өткізді.

Өздеріңіз білетіндей қала оқшауланғандықтан барлық асханалар жабылды, яғни тұрғындар барлығы үйде болса, талмай еңбек етіп жүрген абзал жандардың еңбеген елеген орталық мамандар түскі асқа палау, бауырсақ, сусындарды тегін таратып, қызметкерлердің ризашылдығына бөленген қуанышты күн болды. Қор қызметкерлері осындай ауыр еңбекпен адал ризық тауып жүрген жандарға алғыс айтып, барлық тұрғындар атынан оларға күш жігер мен сабырлық тіледі.

Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны белгілі. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылманның мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыру адамдар арасында дінге, тілге, нәсілге, ұлтқа бөлінбейтіндігін ұмытпаған жөн.

Соңғы уақытта еліміздің қабырғасын қайыстырған оқиғалардың бірі дүние жүзінде тарап жатқан COVID-19 пандемиялық ауруы бойынша шалдыққан жандаррға тез арада сауығып кетуі үшін дұға жасап, бейбіт өмірдің жарқын күндерінде кездесуге баршамызды қолдау көрсетуге шақырамыз.

Close Menu