Балаларға қуаныш сыйла

Балаларға қуаныш сыйла

«Жусан» бағдарламасы бойынша елімізге оралған жерлестеріміздің ұсынысымен өз еріктерімен Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйіндегі балаларды сергітіп демалту мақсатында «Көңілді демалыс» ұйымдастырды.
Аталған шараға «Шаңырақ» үйінің тәрбиеші маманы, Шапағат орталығының психологы С.Нұрбекова, теолог Қ.Миланбек және Жусан бағдарламасымен елге оралған отбасы мүшелері мен 9 бала қатыстырылды.
Балаларды «Тамаша» ойын сауық орталығында ойнатып, түскі асқа «Адал-фуд» асханасында тамақтандырып шара соңында ойыншықтар мен түрлі-түсті шарларды үлестіріп балаларға жақсы көңіл-күй сыйланды.
Ойын-сауық орталығында балалар өздерін еркін ұстап көтеріңкі көңіл күйде болды.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жақсылық жасап жарысайық!

Close Menu