«Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде аудандық ақпарат орталығының қызметкерлерімен бірлескен оқушылармен «Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Ақпараттық талдау орталығының маманы Қ.Досқалиев, аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы М.Имашева, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Е.Бегалиев қатысты.
«Шапағат» қоғамдық қорының теологы Бегалиев Еламан Жасөмірұлы діннің шығу тарихы, дәстүрлі және дәстүрлі емес діннің айырмашылықтары және қазіргі кездегі біздің аудан бойынша қанша адамның теріс діни бағытта ұстанып жүргені және олармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мағұлмат берді. Біздің ауданда 300-ге жуық теріс діни бағыттағы адамдар бар екенін , солармен жұмыс жүргізіліп жатқанын , осы санның өспей кемуге жұмыстанып жатқандарын айтып өтті.
Досқалиев Қуанышбек Алпысбайұлы – Бүгінгі сіздермен сұхбатымыздың негізгі мақсаты сіздерді теріс діни ағымнан сақтандыру, алдын алу . Дәстүрлі емес діни бағыттың не екенін,қандай айырмашылығы болатынын түсіндіру. Ертең мектеп бітіргелі отырсыздар. Сол уақытта сіздерді үгіттейтін , қатарына қосқысы келетін теріс діни бағыттағы адамдар кездесуі мүмкін. Сол уақытта сен өзіңді қорғай білуің керек. Теріс діннің адамын айыра білуің керек. Сендерге ең бірінші ата-анаң және ұстаздарыңның ғана жаны ашиды. Солардың ақылын тыңдап , солардың кеңесімен жүрсеңдер қателеспейсіңдер. Егер діни мағұлмат алғың келсе тек осы теолог маманнан ғана алуың керек. Қазіргі мақсаттарың тек дұрыс алу, саналы тәрбие алу. Мұның бәрі осы мектепте беріледі. Мектепте тиянақты білім мен тәрбиені алған оқушы еш қателеспейді деп есептеймін.
А.Хасанова мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: – Бүгінгі біздің арамызға келіп сұхбаттасқан аудандық ақпарат орталығының мамандарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз. Көкейімізде жүрген көптеген сұрақтарға тұшымды жауап алдық деп есептейміз. Ауданымызда жоғарыда айтқан теріс діни бағытты ұстанып жүрген адамдардың жетегінде кетуден сақ болайық. Ата-анамызбен,ұстаздарымызбен ақылдасып,кеңесіп, білмегенімізді, кездескен келеңсіз мәселелерді бірлесіп шешсек қателеспейміз. Қорыта айтқанда, жүрегімізде иманымыз болып, үлкенді де, кішіні де сыйлай білсек, ата-анамыз бен ұстаздарымызды тыңдап, құрметтесек, ешкімге зиянымыз тигізбей,керісінше қиналған жанға көмектесіп, инабатты , ибалы болсақ ұлымыз ұл әдебін, қызымыз қыз әдебін сақтап жүрсек , сол ғана Алланың сүйген адамы болады. Бүгінгі естіп білгендеріңді жадыларыңа түйіп, керек кезінде осы айтылғандарды пайдалана біліңдер. Бұл кездесу соңғы емес, тағы да болады. Оған дейін жинақталған ой – пікірлеріңді, сұрақтарыңды айтуға дайын болыңдар, – деп жиынды қорытындылады.

Close Menu