ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуға ұмты­лады. Жү­регінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қа­сиетті парыздың бірін қайырым­дылық деп біледі.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсау­лықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жас­тықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл»  деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жан­дарды көргенде,  жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтыр­майтынын білетін елдің бір бөлігі қолындағы барын бөлісіп келеді. Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жол­ға ­салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамай­сыңдар (яғни сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді.«Кең болсаң – кем болмайсың».  Демек,  пайғамбарымыз Мұхам­мед­­тің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаң­дар, қайырымды болыңдар!» деген сөзін   ұмытпауымыз керек. Қазақ халқы ежелден жомарт­тығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғас­тырып, тұрмысы нашар отбасы­ла­рын, жетім-жесірді, талантты бала­ларды қорғап, қолдаса дейміз.
Осы орайды  өз тәжірибемізді де ортаға сала кетсек. Шапағат Қоғамдық Қоры «Жусан» операциясы бойынша елімізге оралған отбасы мүшелері мен олардың балаларына яғни, 18 отбасына азық-түлікпен және 55 балаға қысқы киімдермен қамтамасыз етіп, олардың алғысына ие болды.

Close Menu