«Дін, дәстүр» ұғымы

«Дін, дәстүр» ұғымы

Дін- дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы, дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерекшелігі болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болуы қажет, яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Діні мен дәстүрін бөліп жармай, бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген ата-бабаларымыздың діни дәстүрді қалыптастырғаны тарих беттерінде анық бейнеленген. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Расында да белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы тиіс. Аталған тақырып аясында, «Шапағат» ҚҚ теолог маманы Қатеп Миланбекқызымен төмендейгідей сұхбат өткізге болатынбыз:

  1. Дін мен дәстүр ұғымының ара жігін ажыратып түсіндіріп берсеңіз?
  • «Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды.
  1. Ал Ислам термині ретінде? :

– «Діннің» терминдік  мағынасы, Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген ,мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Дәстүр–  әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі болып табылады.Дәстүр сөзінің тағы бір  мағансын айтатын болсақ   ол  тіпті бір елдің заңы деген мағынада береді.

  1. Қазақ халқының дәстүрі Ислам дінімен ұштаса қайнайды ма? Әлде белгілі шектен шығуышылық орын алады ма?

–  Әрине дінмен дәстүр бір-бірімен біте қайнасқан. Алла тағаланың қасиетті  құранында : «Уа , адамдар ! Шұбасыз, сендерді бір ермен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-бірінмен танысып, табысуларың (һәм біріне-бірін қамқоршы дос болып , өзара жәрдемдесіп, тату – тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерін үшін сан алуан ұлыстармен руларға бөлдік»)( Әл-хужрат – 13 аятында)- деп өтеді. Ендеше әрбір ұлт пен ұлыстың өзіндік тыныс тіршілігіне, өмір сүру тәсіліне қарай салт дәстүрі, ғұрпы әдеті болады.   Қазақта мынадай бір нақыл сөз бар: «Жақсы заңың болғанша, жақсы дәстүрін болсын» -дейтін. Дәстүр мен дінді бір-бірнен ажыратып қарау,ол сүйекті майынан айырғанмен бірдей болады. Дәстүр  мен дін ұштастығын пайдаланғанымызда ғана біз рухани байлық, өміру сүру қағидасын қалыптастыра аламыз.

-Мен бұл сұраққа жауап бермес бұрын елбасымыздың мына жақсы сөзін айтпасам айып  болар .«Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік»-деген ұлғатты сөзді  ескере отырып сөзімізді сабақтасақ ,  қазақтың салт-дәстүрі аятпен  хадистен алынып ,біздің өмір сүру тіршілік тынысымызға айналығанын біз қалай жоққа шығарамыз. «Дәстүр діннің таразысы»-деген жетелі сөзді  осы сұраққа  жауап ретінде айтсақ дұрыс болар.

Дін ұстанып енді бізге дәстүр керек емес деп айту өте үлкен жаңсақтық әрине.

Осы арада біз қозғай кететін бір тақырып күнімізде Алланың әміріне қайшы бал ашу , көріпкелдік сияқты мүлдем шариғатқада санағада сыйымсыз нәрселер орын алуда .Дінмен салттан бізге қалған деп айтатынын қайтерсіз шектен шығушылық деген осы.

Сол себепті дін деген не? Дәстүр деген не? Қай амал шариғатта дұрыс болып саналмайды. Қай әдет біздің дәстүрімізге қайшы яғни салтымызға кір келтіріп келер ұрпаққа теріс түсінік қалыптастырады, біз соған алаңдауымыз керекпіз.

 

 

  1. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенмен келісесіз бе?

Жауап: Келісемін. Атап айтсақ той жасаудағы ысырапшылдық,  банктен өсімді ақша алып ,той жасау ,садақа беру т.б

Бұл жерде той жасау біздің дәстүріміз.Алайда дәстүрімізді желеу етіп ысырапшылдыққа барудамыз. Әркім шамасы мен шарқына қарау керек. «Көрпеңе қарай көсіл »- деген аталы сөзден аспаған дұрыс болар. Бұл тек біреуі ғана.

  1. Қазіргі уақытта дәстүріміз ұмытылып барады. Дәстүрімізді қалай дамыта аламыз? Сіздің жеке пікіріңіз қандай?

–  Дәстүрдің  ұмытылуының ең басты себебі руханиятымыздың аяусыз азғындап кеткендігінде. Қазақта бір сөз бар; «өткенін ұмытқан, болашаққа тас атады»-деген. Рухани азғындау қайдан туындайды?

– Өзіңнің отанының, ұлтының тарихын білмеуден басталады. Өзінің қайдан келгенін? Ертең қайда баратынын білмеген адамда мақсатта болмайды. Мақсатсыз адам , мағынасыз іспен айналысады.

Біздің халқымызда тектілік деген сөз бар.Ал ұлттық құндылығымыздың басты бастауы-тектілік. Ұлымыз ұлағатты, қызымыз қылықты, келініміз ибалы болса,дәстүр мен ділді  ұрпаққа өнеге етуді  ұмытпаған.Өз дәстүрін ұлықтаған  ұлағат иелері ортамызда баршылық.

Ал дәстүрімізге қалай ораламыз?-деген сұрақтың жауабы ол рухани жаңғыру болмақ.

Ең әуелі адам қоғамға пайдалы адам болмайынша;ол ешкімге пайдалы іс жасай алмайды. Ендеше әрбір тұлға өзін жетілдіріп, қоғамға тірек болар  тұлға бола алса,  қоғамда руханият ортасына айналар елді.

Менің жеке пікірім өзіңіз айтып отырған жастарымыз  жаңа заман тұлғасымын деп дәстүрді бағаламау туындауда.

Тағы дана халқымыздың сөзіне жүгінсек: «ештен кеш жақсы » – деген емес пе?. Ендеше кеш болсада жастарды дәстүрді бағалауға шақыру, оларға дәстүрдің мән –мағынасын жете түсіндіріу, сол дәстүрімізді насихаттайтын , дәстүрге жанашыр адамдарға , жастарға дәстүрді түсіндіру жолдарында мүмкіндік жасап беру.

  1. Дін атын жамылған ағымдар елімізде көп. Осынау ағым, секталардың ешқайсысы дұрыс емес, бұрыс екендігі айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ өкінішке орай, біздің қаракөз бауырларымыз әлі де болса солардың еліткеніне еріп, желіктеріне желігіп, шырмауынан шыға алмауда. Осы тұрғыда сіздер тараптан қандай түсіндірме жұмыстары орындалып жатыр?
  • «Яһудилер 71 ағымға, христиандар 72 ағымға бөлінген. Менің үмметім 73 ағымға бөлінеді»- деп сахих хадистен жеткен. Адамдар арасында алауыздық туылатыны, тіпті үмбет арасындағы бөлінушілік болатыны, бізге осы хадис арқылы ескертілген. Ал біздің  қазіргі уақыттағы міндетіміз жақсылыққа шақырып жамандықтан тию, қоғамға діннің дұрыс жағын түсіндіріп, салт-дәстүрімізді насихаттау. «Шапағат»ҚҚ орталығына теріс ағымдардан жапа шекендер немесе жапа шегушілердің туысқандары жиі келеді. Ал біз тарапынан жасалатын жұмыс: 1. Әрбір тұлғаға дәстүрлі діни мағлұматтарды жеткізіп, дәстүрлі бағытта білім беріледі.
  1. Мәтериалдық қыиндықтардан  шығуына  көмек көрсету.
  2. Психологиялық жақтан демеуші болу. Сол қиын жағдайда жүрген қандас, жерлес бауырларымыздың сұрақтарына, сұраныстарына, көптеген мамандар ұйымдастырылып, қаражаттар жұмсалып жұмыстар жасалуда. Дәл қазіргі уақытта қайсы жол дұрыс, қайсы жол бұрыс екенін білмей сергелдеңде жүрген, жолдан жаңылған жандарға , дінге деген қызғушылығы бар  жастарымызға керегінше жұмыстар жасалып жатыр деп айта аламыз.
  3. Қазақ халқының Ислам дінімен ұштасатын қандай салт дәстүрін ұнатасыз? Өзіңіз салт дәстүрді қаншалықты орындайсыз?

Осы жерде  Атырау өлкесінің тумасы Фариза апамның мына сөзін қалай айтпаймын: «Біздің ауылдың адамдары Мұхаммед туралы айтатыны соншалық, мен ол кісіні біздің ауылдың қарияларының немесе менің туыс ағаларымның бірі екен деп жүріппін» – демеп пе еді.  Менің бала кезімнен бойыма дін емес салт болып сіңіп кеткен құрбан айт, ораз айт. Неке қию, баланы сүндетке отырғызу деген сияқты.

Мен өзім салт дәстүрдің қаймағы бұзылмаған Алтай тауының баурайында өскенімді мақтана айта аламын. Әрбір салт дәстүрдің артында үлкен тәрбиелік мән жатыр. Ал қайсын қаншалықты орындайтынымды айтсам. Келінмін ата-енеме, үлкенге сәлем саламын, қайын жұртымдағы әрбір кісіні ат қоямын.Мысалы сіз шеркештің қызысыз мен сіздің атыңызды атаудан қарағанда сырғалым деп атағанды жөн көрдім. Баларымды бесікке салдырдым, тұсауын кестірдім, бесік жырын айту, ертегі айту,  келін шай шақырып беру, соғым бас беру…

 

  1. Салт дәстүрді жастар жағы көбірек білмейді? Жастарға беретін ақылыңыз?

Қазақ халқының керемет мақалы бар.«Отан отбасынан басталады».Көріп тұрғанымыздай отанның дамуы ,ол отбасындағы тәрбиеден басталады.Салт дәстүрді ата ана жетік біліп, күнделікті өмірде орындап тұратын болса,балада өскен кезінде міндетті түрде орындайтын болады.Өкінішке орай, қазіргі уақытта күйбең тіршілікпен салт дәстүрімізді орындауды да ұмытып жататынымыз бар.Қазақ жастарына беретін кішігірім ақылым: «жүректері қазақ деп соқса», «қазақ болып туылғанына мақтанышпен қарап», салт дәстүрімізді ұмытпай, жаңғырған қоғамда салт дәстүрді жаңартып ,орындап отырса нұр түсіне нұр болатын еді.

Cұхбатыңызға рахмет

Ж.Жұмағалиева

Close Menu