ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ДІННІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ДІННІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Ислам діні салт-дәстүрлердің рухани өзегіне айнала отырып, қазақ халқына ғылым, білім, діни-танымдық көзқарасты тарту етті. Ислам діні адамдардың не үшін өмір сүріп жатқандығынан, жақсы-жаман әрекеттері үшін Алланың алдында жауап беретіндігінен хабардар етті. «Дін құлдырай бастаса, адамның бүкіл руханиаты ауруға ұшырайды, ал егер өркендей түсетін болса, онда мәдени өсуге жол ашылады»  Дін дағдарысқа ұшыраған жағдайда, оған іргелес тұрған мәдениет те құлдырап, жойылуға айналады. Дін тарихи-мәдени таным ретінде өркениетке өмір сыйлайды. Жалпы қазіргі таңдағы дініміздің қоғамда алатын орны турасында көптеген сұрақтар туындап, жауабын іздеумен әлек болып жүргендер қаншама. Осы орайда, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қордың теолог маманы Моллақанағатұлы Рахматолламен сұхбат жүргізген болатынбыз:

 

  • Қазіргі қоғамда діннің маңыздылығы қандай?

 

Дін-дегеніміз ұлық Алла Тағала тарыпынан пенделеріне пайғамбарлар арқылы енген нұсқау жол, сенім, ғибадат құндылық негіздері болып табылады. Құран кәрімде: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым»(1),-деп пенделеріне діннің нығмет екендігін белгілі болған. Ардақты елші Пайғамбарымыз Алланың игілігімен сәлемі болсын Әбу Һурайрадан жеткен хадисінің бірінде:«Мен көркем мінезді толықтыру үшін ендірілдім»(2)-деуі де адамның өзін тәрбиелеу діннің басты мақсаты екенін білеміз. Адамның рухани талап қажеттіліктерін өтейтін де сол дін. Дінсіз қоғамның орнын азғындық жайлайды. Қазіргі таңда қоғамымызға діни рухани тәрбие ауадай қажет. Өйткені діни рухани тәрбие көрмеген ұрпақ кез-келген азғындыққа ұрынары сөзсіз. Сол себептен халқымызда мынандай сөз бар: «құдайдан қорықпағаннан қорық»-деген. Кезінде Бауыржан Момышұлы атамызға «осы сіз неден қорқасыз?»,-дегенде «Жауданда дауданда қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншіден бесікке бөлемегенбесігі жоқ елден қорқам; екіншіден, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюуынан қорқам, үшіншіден, дәмді дәстүрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді»,-деген екен.

 

  • Сол діннің ішіндегі таласып-тартысатын ағымдар бар, не себептен ағымдарға бөлінуде?

 

Жалпы көпшілік адасып жол таппай жатыр деп көпке топырақ шашудан аулақпыз, ата-бабамыз қаншама мың жылдап исламның сүннитік бағыты оның ішінде Ханифи мазхабымен, әлхамдулилла мұсылманбыз деп келдік, қазірде солай келе жатырмыз мұсылмандық тұғырнамамыз бар, бағытымыз айқын. Алайда бүгінгі дін ұстанушы жамағаттарымыз арасында теріс бағытта жүрген жандардың атарға оғы жоқтай көңілде, бір-бірін кіналап табалауға дайын тұрады. Өз елімізде өз мазхабымыз тұрып алыстағы басқа жақтан пәтуа іздеп мен сәләфимін сен басқасың деуден танбайды. Әр елдің жердің ерекшеліктеріне қарай мазхабтар пайда болған болатын. Біздің көпшліктен бөлінгеннен тақуалығымыз имандылығымыз артып кетпейді. Құран кәрімде арнайы аят түсірілген: «Алланың діннін жібінен мықтап ұстаныңдарда дінде бөлінбеңдер»(3) десе Ардақты Пайғамбарымыз Алланың игілігімен сәлемі болсын: «Бір адам жамағаттан бір қарыс ажыраса исламның ноқтасы оның мойнынан шешіледі»(4)-деген. Ғалымдарымыз адам үш түрлі мақсатпен білім алған қор болады деген: көпшіліктен ерекшелену үшін, өзгелерді айыптап сөгу үшін, өзін жоғары санау үшін. Кейбір жастарымыздың өзге мазхабпен намаз оқып, елді сөгіп, бізде таухид(Алланы бірлеу) жоқ деп жүргендерін көреміз. Оларға түсіндіру оңалту жұмыстарын жүргізіп дәстүрлі бағытқа қайтуға үгіттеуіміз керек.

 

 

 

  • Жастарымыздың діннің дұрыс бағытын елемей теріс ағымға түсіп кетуіне нақты себептері бар ма?

 

Осы орайда Шәкәрім қажының «Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, дін десе тұра қашты есті азамат»-деген өлеңдері еске оралады. Сол теріс ағымдардың себебінен баласын мешітке жіберуге қорқып отырғандар бар. Біз өз дінімізден шоши бастадық. Ата-бабамыз қай жолды ұстанған деп қарай назар салдық. Әрине әрнәрсе отбасынан басталды, отбасылық тәрбие қазақтың салт-дәстүр мақал мәтелдерін оқып таным көкжиегін кеңейткен кісі теріс ағымдарға бара қоймас. Теріс ағымда жүрген жандардың көбісінің отбасыларында ажырасу, салт-дәстүрден хабарсыз болу, қазақ тілін білмеу, білімсіздік басқа да көптеген себептері бар. Адамның рухани талап тілек қажеттіліктерін орындау керек, мысалы азық екі түрлі болмақ, бірі жан азығы екіншісі тән азығы. Жан дүниеміздің азығы Алланы танып ғибадат жасап оны еске алып дұрыс жолмен жүру. Білімді интернеттен алып әртүрлі сайттардан шетелдік шейхтардан алса міндетті түрде радикалдана бастап оның таным болмысы өзгере түседі.

 

  • Дәстүрлі діни танымды қалай насихаттаймыз?

 

Қазіргі таңда көптеген елді мекендерімізде шалғай жерлерде діни ағартушылық бойынша жеткіліксіздік байқалады. Оқу оқыған дін мамандары аз, дәстүрлі дін тақырыбында зерттеулер жүргізіліп үгіт-насихат жұмысында жандандыру керек. Халықтың алдында діндар теолог имам қызметінде жүрген жандар сөзімен ісі бірдей болып халыққа өзінің сөзін өткізе алатын қайраткер болуы тиіс. Сонда ғана діннің беделі артып  қоғамда жемісін бере бастайды.

 Сұхбатыңызға рахмет.

Жаннат Жұмағалиева

 

1-Мәйдә сүресі 3-аят

2-Мүснәд Ахмад ибн Ханбал 8952

3-Әл-имран 103

4-Сунән Әби Дәуіт 4758

Close Menu