Ақ неке-бақыттың кепілі

Ақ неке-бақыттың кепілі

Кез-келген мемлекетте өз тұрмыс ерекшеліктеріне сай бекітілген отбасы құқықтары бар. Сол секілді Ислам діні де бұл мәселені ұмыт қалдырмай, оған ерекше мән беріп, мұсылмандарды бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырып, отбасын құру және сақтаудың заңдылықтарын адам құқықтары жайлы сөз қозғау мүмкін емес сонау ерте заманның өзінде бекітіп берген. Ата-бабамыз да өзінің салт-дәстүрінде неке ұғымын ислам дінінің шеңберінде қалыптастырып, соған сай ұстанымдарын бекіткен. Қазақ халқы ақ некені қадірлеп, қастер тұтқан. Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті деп білген. Өкінішке қарай, қазіргі таңда жастарымыз осы өте нәзік те жауапкершілігі ауыр мәселеге салғырт қарағандықтан қоғамымызда ажырасудың саны күн өткен сайын артуда. Тіпті, бұл дерт дінге бет бұрған жастардың да арасында өрбіп тұр. Бұл жастардың көпшілігі – діни сауатсыздықтың құрбаны. Біреуі дінді білмегендіктен, оның қадірлеген ақ некесіне немқұрайды қараса, енді бірі діндегі некенің орнын біле тұра, оған опасыздық етуде. Негізінен, адами құндылықтар астаң-кестең болып жатқан қазіргі таңда мұсылман баласы ар-абыройын сақтап, нәпсі қалауын тежеп, қоғамда жақсылық пен ізгіліктің жаршысы ретінде шаңырақты шайқалтпауға бар күшін салуы қажет. Осы тақырып аясында «Шапағат» ҚҚ теологы Омаров Мұхиддин Асқарұлымен сұхбаттасып, пікірімен ақылдасқан болатынбыз.

– Ең алдымен некенің шарттарын айтып өтсеңіз?

– Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде 5 – шартын атап өткен.

1. Ерлі зайыпты мұсылман болуы.

2. Ерлі зайыптының келісімі ( зорлықпен, қинаумен т.б) болса неке болмайды.

3. Екі күәгердің болуы (1 ер кісі 2 әйел кісі) болуы керек.

4. Әйел кісінің Маһр берілуі тиіс.

5. Ата – анасының (тума туыстарының) келісімі міндетті.

-Қазақ халқындағы неке рәсімдері дінмен қалай байланысқан?

– Қарахан дәуірінен бастап мұсылмандық рәсіммен орындалып келуде.

– Азаматтық неке бұл қандай неке?

– Азаматтық неке діни тұрғыдан алғанда дұрыс емес болып саналады.Қазіргі кезде жастар бір бірімен келісіп неке қимай тұрып жатқандар кездеседі.Ислам дінінде бұндай неке жоқ.Бұл дегеніміз некесіз қарым қатынас (зинақорлық )болып табылады.

– Қазіргі таңда діндар отбасылар діни неке яғни тек қана мешітке қидырып жатады, бұл қаншалықты дұрыс? АХАЖ бөліміне бармай жатқандары да белгілі. Қыз баласының құқығын шектеу болып табылмайды ма?

– ҚМДБ – ның бұйрынына сайкес,ҚР аумағындағы барлық мешіттер АХАЖ бөліміне тіркелгендігі жайлы қағазын алып келмей неке қимайды.

– Мұсылман ер адам, өзге діндегі қызды қалыңдыққа алуға болады ма?

– Пайғамбарымыз (с.а.у) кітап иелерінің қыздарына үйленуді рұқсат еткен, бір ғана шартпен оны мұсылмандыққа өткізу мақсатында болады. Сонымен қатар мұсылман қыздар басқа дін өкіліне тұрмысқа шығуға қатаң тыйым салынады.

– Отбасының бақыты әйел адамға байланысты ма?

– Ия әрине. Отбасының жылулығын Алла тағала әйел адамға берген.Әйел адам отбасы бақытының негізі болып табылады.

-Уақытша некенің үкімі қандай?

– Шариғи тұрғыда уақытша некенің үкімі харам болып саналады. Шариғат тұрғысынан уақытша неке деген болмайды.

-Қазіргі уақытта некеге тұрмай өзара келісіп тұрады? Ол қаншалықты дұрыс емес?

– Некесіз тұру ата дәстүрімізде өте қатты арсыздық деп санаған.Сонымен қатар шариғи тұрғыдан бұл істі ойнастық деп айтады. Ойнастықпен дүниеге келген баланың өмірі көп жағдайда харам дүниелерге негізделеді.

– Қазақ халқында қыз баласы тұрмысқа шығарда күйеуі жағы қалың мал береді? Қаншалықты дұрыс?

– Пайғамбарымыз (с.а.у) қыз беруші кісіге қызының құнын төлеңіз (қалың малын) деп айтқан.Сол себепті ол орынды іс.Жігіттің жағдайына қарап шектен тыс шықпаған абзал.

– Қазіргі кезде көп отбасылар өкінішке орай ажырасып жатыр? Бұның себебі неде?

– Жалпы алғанда бұндай келеңсіздіктер баршамызды қынжылтады. Өкінішке орай, қазіргі жастарымыздың имани тәрбие бере алмағандықтарымыздың салдарынан осындай келеңсіз жайттар орын алып жатыр. Некені сақтаудың тағы бір жолы – оны жария ету. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Некені жариялаңдар. Оны мешітте қиыңдар және дабыл қағыңдар», – деген (Тирмизи, Никаһ, 6). Некесін қиған жастар бәріне естіртіп, хабардар ету үшін туған-туыс, дос жарандарын жинап той жасайды. Ағайын-жұрт куә болып, біраз шығын шығырып жасалған осындай тойдың оңайлықпен талақ айтып кете берудің алдын алатын шаралардың бірі екені сөзсіз. Шаңырақ көтерген әрбір мұсылман ер мен әйел сол ошаққа жауапты екендіктерін терең сезініп, Ислам дінінің бұйрықтары шеңберінде отбасын қорғауға міндетті. Бұған өмірлік қол ұстасқан жастардың екеуі де жауапты.

Сұхбатыңызға рахмет

Жаннат Жұмағалиева

Close Menu