«Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» жалпықалалық акция

«Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» жалпықалалық акция

Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесі қарсаңында Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» жалпықалалық акциясын қаламыздағы ірі сауда үйлерінің бірі «Атырауда» мерекелік шара өткізді.
Аталмыш шараны «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов ашып, қала тұрғындарын ҚР Конституция күнімен құттықтады.
Жалпықалалық акцияда жас өнерпаздар мен «Қарақат» мектеп-студиясының өнерпаздарының концерттік номерлері тамашаланды.
Мерекелік концертте «Шапағат» ҚҚ арнайы дайындалған ақпараттық түсіндіру құралдары мен аймақтық қоғамдық-танымдық газеті «Дүрбі» газеті таратылды.

Close Menu