Ислам діні – жақсылықтың жаршысы

Ислам діні – жақсылықтың жаршысы

Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) хадисінде: «Қиямет күні үлкен күнә істеген үмметіме мен шапағат етемін», – дейді. Адам баласы пенде болғасын қателеседі, бірақ Алла Тағала тәубе есігін қиямет күніне дейін ашық қалдырады. Қателігіне кешіруді сұрап жалбарынған мұсылманға Алла тағала кешіріммен қарайды.

Әрине, «Алла кешіреді» деп арақ ішіп, өтірік айтып, өсімқорлықпен айналысу немесе пара беру сияқты үлкен күнәні істеп жүре беруге тағы да болмайды. Бірақ, шариғатта қателескен адамға «кәпір болдың» деп кесіп айтуға тыйым салынады. Ал мемлекеттік жүйеге қарсы шығу «Әһли сүннаның» сенімі емес. Шын мәнінде Құран мен Сүннетке құлақ асамын деген әрбір мұсылман өз елінің ата заңына және мемлекет басшысына бойұсынуы – уәжіп. Міне, сондықтан да бұл топтың бағытын дұрыс дей алмаймыз. Аталған ағым асыл дінімізге де, отанымызға да зиянын тигізуде. Бұл- ислам дінінің негізгі ұстанымдарынан алыс кеткен кереғар бағыт.

 

 Хаван Н.,

теолог

Close Menu