Дәстүрлі таным тура жолға бастайды

Дәстүрлі таным тура жолға бастайды

Дін атаулы сенімге негізделеді. Дұрыс сенім, ақиқат діннің өзегі болып табылады. Сенім дегеніміз – адам баласының болмысына сәйкес рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру жүйесі. Исламның негізі сенім жүйелерінен тұрады. Ал қалған тармақтары құлшылық амал іс-әрекеттерден құралады. Мұсылмандық сенiмiміз, яғни Ислам діні бір Алла Тағалаға – бүкіл әлемнің құдіретті жаратушысы және басқарушысы бір және бар екендігіне екендігіне сенуге негізделеді.

Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ақиданың термині бойынша міндетті «уажиб», оның жоқтығы «мустахил», яғни мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзініңде адам үшін зор маңызы бар. Барлық өте жақсы көркем есімдері және сипаттардың иесi, ол-жалғыз деп сенеміз. Алланың Жаратушы, оның ешнәрсеге мұқтаж емес екеніне Құран Кәрімдегі ықылас сүресінде былай дейді: «Оларға айт! Алла-Самад (ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж емес, керісінше күллі жаратылыс оған мұқтаж) Ол туылмаған да, тумаған да! Оның ешбір теңдесі жоқ!», – деген аяттары дәлел болады. Дәстүрлі діни танымымызда да көптеген тұлғаларымыз өлең жыр тақпақтарымен Алла туралы өздерінің пікірлерін, дұрыс сенім бойынша бағыт беріп отырған. Атап айтсақ, хакім Абай атамыз:

Алланың өзі рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас! – деп көптеген шығармаларын діни мәтіндермен жазып келтірген. Халқымыздың сан ғасырдан бері ұстанатын дәстүрлі бағыты Ханафи мазхабымен, Ал сенім негізідерінде Матуриди ақидасын ұстанады. Адамзат баласының тарихында дұрыс сенімдермен бірге бұрыс сенімдер қатар жүріп сан-түрлі ағымдар көбейіпте азайып отырған. Халқымыз үшін жат пиғылды бұрыс сенім ұстанушы ағымдар елдігіміздің тыныштығын кетіріп, өздерінің идеологиясын таратып бұрыс сенімдерді саналарға сіңіруде.

Дәстүрлі емес діни жалған сенімдердің әрекеті белсенділік тудырып таратып жатқан кезде, ақпараттық түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру, біздің басты парызымыз екендігі мәлім. Өйткені адам баласының тәні мен ішкі рухани дүниесінен құралғандықтан, оның рухани сенім жүйелерін салт-дәстүр әдеп-ғұрып адамгершілік қағидаттармен нәрлендірілу қажет болады. Ішкі жандүниемізде бейнелеп айтқанда, үш кесе бар. Үшеуі үш түрлі дүниемен толады. Біріншісі ғылым-біліммен, екіншісі салт-сана, тіл, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыппен, ал үшіншісі діни руханиятпен толуы тиіс. «Табиғат бостықты қабылдамайды»-деген ережеге сәйкес, егер бұл кеселерге дұрыс бағытпен көрсетілмесе, оған теріс сенімдер діндер кіреді. Бірінші кесеге ғылым-білім салынбаса, надандық басады. Екінші кесеге жоғарыдағы ұлттық сана өлшемдері салынбаса, мәңгүрттік басады. Үшіншісіне дұрыс діни руханият салынбаса, адамның бойында дінсіздік жайлайды немесе кері тартпа жалған сенім сананы улайды. Бір-бірімен тығыз байланысты аталмыш бұл үш тағанды – өркениет, мәдениет және руханият деп атауға да болады.

Елімізде Исламның дұрыс сенім негіздерімен дәрстүрлі бағыттары сан ғасырдан бері таралып өзіндік тәжірибесін қалыптастырған. Қазіргі жастарымыз бен келешек ұрпақтың болашағы жарқын, руханияты мығым болуы үшін, ендігі қадам – елдегі білікті де білімді дін мамандары дұрыс бағыт сенім негіздерін пайдаланып, жастарымызды ағымдардан сақтандырып, дұрыс негіздермен тәрбиелеу зор міндет болып табылмақ.

Хаван Н.

теолог

Close Menu