«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ДІННІҢ РӨЛІ»

«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ДІННІҢ РӨЛІ»

Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырмасы негізінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, 21 тамыз күні Атырау мұнай өнімдері қызметкерлеріне «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған шарада, білім саласының қызметкері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Темірбек МАРДАНОВ: «Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы мемлекет. Мемлекеттік басқару жүйесі президенттік. Дін – қоғам, адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтарының бірі. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелері бар. Қазақстан қоғамы өзін зайырлы, құқықтық демократиялық, унитарлық қоғам деп таңдады. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамды бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады» – дейді.
Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Аян БАҚТЫҒАЛИЕВ: «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңының талаптары, сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453, 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірді.
Зайырлы мемлекеттер діннің үстемдігіне де, дінді мансұқтауға да заң бойынша жол бермейді. Дегенмен, зайырлы мемлекет пен атеистік мемлекеттің арасын ажырата алмайтын жағдай ТМД елдерінде, қазақстандық қоғамда да жиі кездеседі. Төркініміз — кеңес үкіметі ұлт десе ұлтшыл деп айыптауға дайын тұратын еді. Енді бүгін дін десе, әсіресе ислам діні туралы сөз бола қалса, ол дінді ұстанушыларға «экстремист», «террорист», «ваххабист» дейтіндер көбейді. Шындығында мұндай анықтаманы тек сот бере алады. Сондықтан дәстүрлі дін немес жалған діни ағымдарды ажырату бүгінгі күннің талабы дейді «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының дінтанушысы, тарихшы Ернар АБЗАЛОВ.
Ал, «Шапағат» орталығының маманы Айнұр Тергеусизова жастардың, соның ішінде қыз балалардың жат ағым идеологиясына тез түсудің жолдары мен зардаптарын жеткізді. Сонымен қатар, теріс ағымдардан сақтанудың және оларға қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру үшін сан ғасырлар бойы ата-бабаның ұстанған діни жолдары мен салт-дәстүрді, тарихты білу шарт дейді.

Close Menu