Қазақтелеком АҚ қызметкерлерімен өткен жүздесу

Қазақтелеком АҚ қызметкерлерімен өткен жүздесу

21 тамыз күні «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақтелеком» АҚ Батыс ӨТД филалының қызметкерлеріне «Ислам құндылықтары мен қазақ дәстүрінің ұштастығы» тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған шарада Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, мәдениет қайраткері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Серік МҰХАМБЕТОВ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының тарихшы маманы Ернар Абзалов Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие екендігін, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – ислам. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алғандығын жеткізіп, соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде екендігін жеткізді. Сонымен қатар, жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндарын түсіндірді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар мен ұсыныстар айтылды.

Close Menu