«Отбасы тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен семинар-тренинг өткізді

«Отбасы тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен семинар-тренинг өткізді

Дін саласы қай уақытта болмасын өзекті мәселелер мен күрделі қайшылықтарға толы болып келеді. Діндегі адасушылық бүгінде көптеген мемлекеттердің осал тұсына айналатын болған. Адасудың алдын алу үшін қазірде еліміз әр-түрлі күресу шараларын қолға алып жатыр. Соның бірі «Шапағат» ҚҚ келесі іс-сапарын «ЖайықМұнайГаз» АҚ мекемесінің вахталық қызметтегі мамандарына Шапағат ҚҚ қызметкерлеріне кездесу өткізіп, жат ағымдардың әлеуметтік желілерде жұмыс жасау жүйесі, олардың сипаттары және сақтану жолдары, «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен семинар-тренинг өткізді.
Айтулы жиынға «Ембімұнайгаз АҚ» басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Тасмағамбетова Рысты Нұрғалықызы, Ембімұнайгаз АҚ әлеуметтік саясаты және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің аға маманы Мекебаева Гаухар Оңғарқызы, мәдениет қайраткері Сапанов Серік Жұбанұлы, Шапағат ҚҚ психолог маманы С.Нұрбекова, Тарихшы Е.Абзалов, бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева, жақында қызметке алынған, қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусизова қатысты. .
«Шапағат» ҚҚ бөлім басшысы Жаннат Қанатқызы кездесудің мақсатына тоқталып, жүргізіп отырды. Ол қазіргі таңдағы орталықтың атқарып жатырған жұмыстарын мысалға келтіре отырып, «Жусан» операциясымен елге оралған отбасы мүшелерімен жасалып жатырған марафон, семинар-тренинг секілді жұмыстарын, әлеуметтік көмектерінің өлшемдерін атап өтті.Бүгінгі шақта азаматтардың түрлі бағыттағы ақпараттарды, оның ішінде діни сипаттағы ақпараттарды алуға да мүмкіндіктері зор. Дін мәселесіне байланысты мәліметтер негізінен адамды иландыруға қатысты болғандықтан, ондай мәліметтермен танысқанда неғұрлым сақ болу керек дейді.
Тарихшы Ернар Абзалұлы тұшымды әңгіме өрбітіп, өзара тіл табысып, диалог орнатқан ЖайыМұнайГаз мекемесі қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді. Ол қазіргі кезде жастардың діни және рухани мәселелері «қолдан қолға көшіп» жүр. Рухани мәселе бүгінгі күні жаттықтыруды, шынықтыруды қажет етеді. XXI ғасыр жастарының жаны мен рухы арасына үлкен жарықшақ түсті. Дәл қазір жаппай технологияланған және интернетке оңай қолжетімді кезеңде адам санасы шыңдалмаған субстанция ретінде көрінді де, сол ысылмаған санасына жүгінген жастар теріс жолға түсіп жатады. Ал жан бізге дұрыс бағытты, биік құндылықты, рухани жолды нұсқайтын ішкі дауысымызды тыңдату үшін аса қажет екенін естен шығармауға шақырамыз деп сөзін қорытындылады.
Психолог маманы Салтанат Темірғалықызы түсіндірме жұмыстардан кейін, бой сергіту үшін «Отбасы тәрбиесі» төңірегінде түрлі тренинг ойындар өткізіп, интерактивті сауалдар жүргізді.
Кездесу соңында қатысушылар ризашылықтарымен қоса жалпы жұртшылықта діни білімнің жоқтығын айтып, бұндай кездесулерге ауыл тұрғындарының бірі қалмай келуі керектігін жеткізді.

Close Menu