Омар ибн Абдулғазиз патшаның оқиғасы

Омар ибн Абдулғазиз патшаның оқиғасы

Сағид ибн әл-Мусиб (Алла оны рахым етсін) кештердің бірінде ұлын ертіп, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітіне барады. Бұл уақытта мешітте Омар ибн Абдулғазиз дауыстап намаз оқып тұрған болатын. Оның дауысы көркем еді.

Сағид ибн әл-Мусиб ұлына:

– Барып, анау намаз оқып тұрған адамға «Құранды ақырын оқысын» деп айт, – дейді. Ұлы оған:

– Мешіт біздің меншігіміз емес қой. Оның да ақысы бар ғой, – деп жауап береді. Сонда Сағид ибн әл-Мусиб дауыстап:

– Ей, намаз оқушы! Егер намазыңды Аллаға арнап оқысаң, ақырын оқы. Ал егер адамдарға арнап тұрсаң, онда олар сенің еш нәрсеңе мұқтаж емес! – дейді.

Омар ибн Абдулғазиз дауысын басып, намазын тәмамдаған соң, ақырын кебісін алып шығып кетеді. Ол осы уақытта мүміндердің әміршісі болатын.

Түсініктеме: Омар ибн Абдулазиз – (717-720) жылдарда билік жүргізген Умайя халифы. Ол өзінің тура әрі дұрыс билігінің арқасында халық арасында әділ халиф атағына ие болған патшалардың бірі. Сонымен қатар, ол – өзінің діндарлығы әрі тақуалығымен танымал болған тұлға.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Close Menu