Ғылым дәрет алудың пайдасын ғылыми жолмен дәлелдеді

Ғылым дәрет алудың пайдасын ғылыми жолмен дәлелдеді

Асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Бір мұсылман дәрет алған кезде қолдарын жуғанда қолдарымен жасаған күнәлары, бетін жуған сәтте, көздерімен жасаған күнәлары, басына мәсіһ тартқан кезде құлақтарымен тыңдап естіген күнәлары, аяқтарын жуған уақытта аяқтарымен жасаған күнәлары кешіріледі»1 – деп белгілі тәртіпке негізделген дәрет алудың маңызы мен пайдасын атап көрсеткен. Ғылым болса, әлі күнге Ислам нығметінің құпия сырларын зерттеп, ашумен келеді.

Қытай медицинасына сүйенсек, адам денесінде 700-дей биологиялық белсенді нүктелер бар екен. Бұл нүктелердің 66-сы өте күшті, әрі әсері зор нүктелер. Ең қызығы, бұл нүктелердің 61-і мұсылмандардың дәрет алғанда жуатын дене аймақтарына орналасқан2.

Өзімізді рухани әрі сырттай тазалау үшін әрқашан дәретпен жүруге үйретуіміз керек! Қасиетті Құранда Раббымыз намаз оқу үшін дәретті болу қажеттігін ескерткендей ғұсыл құйынуымызды бұйырып: «Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобыққа дейін…»3 – деп бой дәрет жоқ болса, алуымызды парыз етіп тұр.

Дәреттің парыздары:

1. Бетті (жүзді) жуу;

2. Қолды жуу (шынтақпен қоса);

3. Мәсіх тарту (бастың 3/1 бөлігіне);

4. Аяқ жуу (тобықпен қоса).

Дәрет алу парыз болатын жағдайлар:

1. Дәрет бұзылған жағдайда;

2. Намазға тұрар алдын;

3. Құранды қолмен ұстаудан алдын ;

Дәрет алу уәжіп болатын жағдайлар:

1. Қағбаны тауаф етуден алдын дәрет алу;

Дәреттің сүннеттері:

1. Ниет ету;

2. Жууға бұйырылған дене мүшелерін жуғанда реттік тәртіпті сақтау;

3. «Бисмилләмен» бастау;

4. Екі қолды білезікке дейін жуу;

5. Тіс тазалау;

6. Ауыз мұрынды шаю;

7. Әр денені үш рет жуу;

8. Саусақтар арасын жуу;

9. Екі құлаққа мәсіх тарту;

10. Басқа толық мәсіх тарту;

11. Сақал түбіне су тигізу;

12. Денені ысқылап сүрту;

13. Оң жақтан бастау;

14. Мойынға мәсіх тарту;

15. Дене мүшелерін жуғанда арасын үзбеу;4

Дәреттің әдептері:

1. Биік (жоғары) жерде отыру (нәжіс немесе су шашырамас үшін);

2. Құблаға қарап отыру;

3. «Бисмилләмен» бастау;

4. Бос сөз сөйлемеу;

5. Әр дене мүшесін жуған сәтте «Бисмилләні» айту;

6. Саусақтарды жуғанда сақиналарды айналдыру;

7. Мадмада (ауызды шаю) жасағанда оң қолмен су алу;

8. Истиншақ (мұрынды шайғанда) жасағанда оң қолмен су алып, сол қолмен сіңбіру;

9. Құлақ ішіне саусаты салып жуу;

10. Қол мен аяқты саусақ бастарынан бастап жуу;

11. Мойынға мәсіх тарту;

12. Намаз уақыты кірмей тұрып дәрет алу;

13. Дәрет алып болған соң кәлима айту;

14. Құмғанда су қалса сужы ішу;

15. Дәрет алып болған соң «Аллаһым мені тәубе етушілерден және тазаланушылардан қыла гөр» (Аллаһумма жа*ални мин әт-тәууәбина уәжа*ални мин әл-мутаһһирин) 5 деп дұға жасау;6

Дәретсіз орындауға болмайтын жайттар:

1. Намаз оқуға болмайды;

2. Құранды ұстауға болмайды;

3. Тиләуат сәждесін жасауға болмайды;

4. Қағбаны тауаф етуге болмайды.

М.Мұстафаев,

исламтанушы

4 «Шарху Нурул идох» Шейх Хасан әш-шурун Биләли әл-Ханафи,

дарул Кутубул-илмияһ баспасы, Ливан 2014ж., 26 бет

5 Сахих Муслим №234 хадис

6 «Шарху Нурул идох» Шейх Хасан әш-шурун Биләли әл-Ханафи,

дарул Кутубул-илмияһ баспасы, Ливан 2014ж., 31 бет

Close Menu