«ЖылыойМұнайГаз» мекемесінің қызметкерлерімен кездесумен басталды

«ЖылыойМұнайГаз» мекемесінің қызметкерлерімен кездесумен басталды

Құрбан Айт мерекесі қарсаңында Ембімұнайгаз АҚ мекемесінің арнайы шақыртуымен Шапағат ҚҚ қызметкерлері Әйелдер клубының мүшелеріне «Дәстүрлі дін мен теріс жолды ажырату», «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен семинар-тренинг өткізді. Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні алғашқы іс-сапар барысы «ЖылыойМұнайГаз» мекемесінің қызметкерлерімен кездесумен басталды.Атаулы жиынға «Ембімұнайгаз АҚ» басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Тасмағамбетова Рысты Нұрғалықызы, Ембімұнайгаз АҚ әлеуметтік саясаты және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің аға маманы Мекебаева Гаухар Оңғарқызы, мәдениет қайраткері Сапанов Серік Жұбанұлы, Шапағат ҚҚ психолог маманы С.Нұрбекова, Тарихшы Е. Абзалов, бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева, жақында қызметке алынған, қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусизова қатысты. Алғаш сөз сөйлеп кездесуге шақыртудың мақсатын түсіндірген
Р. Тасмағамбетова Әйел адамның қоғамдағы, отбасындағы рөлін атап, үнемі жұмыспен өмірін байламай, керісінше балаға, баланың тәрбиесіне, отбасына, өзіне уақыт бөлуге шақырды. Жиын барысында тарихшы-дінтанушы Е.Абзалов өз тарапынан деструктивтік діни ағымдардың таралу жолдары және оның алдын-алу шаралары жөнінде слайд арқылы түсіндірме жұмысын жүргізді. Сөз кезегінде қатысушыларға қарапайым тілмен жеткізе білген тарихшы Ернар Абзалұлы өмір және жұмыс тәжірибесіндегі өзінің кезіктірген оқиғаларымен бөлісіп, түрлі жамағаттың тағдырын анонимді түрде мысал келтіріп өтті. «Жылыоймұнайгаз» мекемесінің әйелдер клубына арнайы шақыртылған психолог Салтанат Темірғалықызы өз тарапынан «Отбасы тәрбиесіндегі баланың орны» турасында семинар, қатысушыларға түрлі көңілді ой сергітетін, бой сергітетін интерактивті ойындар өткізді. Әрине далалы жерде жұмыс жасап еңбек етіп жүрген бұл аналар мен апаларға мұндай тренинг артық етпесі анық. Біраз көңілдері көтеріліп, ойларымен бөліскен қызметкерлер балаға қай кезеңдерде қалай көңіл бөліп, тәрбие беру, оның теріс жолға түспеуіне қандай шаралар қолдану керек екендігі турасында біраз мағлұматтарға ие болды. «Шапағат» ҚҚ бөлім басшысы Жаннат Қанатқызы орталықтың қазіргі таңдағы атқарып жатырған жұмысына мысал келтіре отырып, жыл басында Жусан 1 операциясымен Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусізовамен таныстырып, «Шапағат»ҚҚ қызметке маман ретінде алғандығы жөнінде себебін айтып өтті. Айнұр Қажымқызы слайд арқылы вербовкаға (теріс ағымға) арбанудың жолдары мен адам ресурстарының кезеңдеріне жеке тоқталып, бастан кешкен тағдырымен ашық түрде бөлісті. Жүрегі елжіреген ана әр қатысушылардың қойған әр сұиақтарына көзіне жас алып жауап беріп отырды. Әрине қателіксіз адам болмайды, алайда оларды қоғамнан алшақтамай керісінше моралді түрде көмек беру біздің Яғни орталықтың жұмысы. Кездесу соңында мекеме басшылары мен қызметкерлері кейіпкерімізге жүрек жарды тілектерін тілеп, өздерінің ризашылығын білдірді.

Close Menu