Құран мен хадистегі ата-ананың ақысы

Құран мен хадистегі ата-ананың ақысы

Алла Тағала адамзатқа жіберілген соңғы қасиетті кітап Құран-кәрімде ата-ананың ақысына ерекше назар аударған. Шексіз мейірім иесі Жаратушы иеміз Менің құзырыма ата-ананың ақысын аяқ асты етіп емес, қайта олардың ризашылығына бөленіп, ақ батасын алып келіңдер деп бұйырған. Олай болса, Ұлы Жаратушының ескерткен нәрселерін құрмет тұту – мұсылмандықтың белгісі.

Құран Кәрімде ата-ана ақысына ерекше мән берілсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да өз хадистерінде ата-ана ақысын жоғары бағалаған. Күллі ғаламға рақым пайғамбары ретінде жіберілген ардақты Елші үмбетіне айтқан сөздері мен істеген істері арқылы кез-келген мәселеде үлгі болған.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Аллаға деген сенім мен тәухид мәселесінен кейінгі ең көп көңіл бөлген мәселенің бірі – ата-ананың ақысы болатын. Алла тағала Қасиетті Құранда өзіне шүкіршілік қылуды бұйырып, шүкіршілікке қатысты нығметте ата-ананың да орны бар екенін меңзейді. Яғни бұл аяттан түсінеріміз Мұсылман баласы ата-анаға шүкіршілік етпесе, толық шүкіршілік еткен болып саналмайды:

﴿ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ )

«Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ.»

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтты:

« ثلاث دعوات مستجاب لهن ولا شك فيهن : دعوة المظلوم ، ودعوة المسافر ، ودعوة الوالدين على الولد » ( أحمد والبخاري ) .

«Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, онда еш күмән жоқ: Зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы», – деп ата-ананың баласына жасаған дұғасы бірден қабыл болатынын айтқан. Сол үшінде ата-анамыздан жақсы дұға алған, оларды разы қылған құлдардын қатарынан қылсын Жаратушы иеміз. Амин.

Ерлан Сағынов,

«Шапағат» қоғамдық қорының

Индер ауданы бойынша теологы

Close Menu