«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары»

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары»

Жуырда «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры «Атырау қалалық №4 емханасы» ШЖҚ КМК мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары» атты кездесу өтті.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкенов бекіткен 2019 жылғы «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу» жоспарына сәйкес, Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен өткен жиынға «Шапағат» қоғамдық қоры директорының орынбасары Артур Айтмағамбетов, тарихшы Ернар Абзалов және маманы Айнұр Тергеусизова қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тарихшы Е.Абзалов деструктивтік діни ағымдардың ішіндегі уахабизм ағымына кеңінен тоқталып, уахабизм түсінігі мен дәстүрлі Исламның айырмашылығын кеңінен түсіндірді. Себебі қазіргі уақытта елімізде ата-анасын құрметтемейтін, салтын сыйламайтын жастар осы уахабзм вирусын жұқтырғандар болып саналады. Сонымен қатар Ислам дінінің отан сүйгіштікке, елге қызмет етуге яғни қоғамға пайдалы болуға шақыратынында тілге тиек етті.

Close Menu