Орамал тағу дәстүрімізден

Орамал тағу дәстүрімізден

Ағымдағы жылдың 24 шілде күні «Шапағат оңалту» орталығында «Жусан» операциясымен елге оралған қыздарға «Орамал тағу дәстүрімізден» тақырыбында мастер класс ұйымдастырылды. Белгіленген күн тәртібі бойынша орталықтың тарихшы маманы Е.Абзалұлы орамал тарихы турасында айтты.
Мастер класс кезінде теолог мамандары Қ.Миланбекқызы, М.Рустамқызы орамалдың тағудың 13 түрін көрсетіп, қазақ дәстүріндегі жас келін мен үлкен жастағы әйелдердің орамал тағу ерекшеліктерін атап өтті.
Ал психолог С.Нурбекова орамал таңдаудың (түстерін) психологиялық маңыздылығын баяндады.
Сондай-ақ, мастер класқа «Дүрбі» газетінің бас редакторы Сариева Ұлдай Қабошқызы алдағы уақытта осы бағытта мақала дайындау мақсатында қатысты.
Сонымен қатар қалалық жұмыспен қамту басқрамасының бас маманы Әбішова Дина қатысушыларға курс пен жұмысқа орналастыру, жәрдемақы мәселесін басшылыққа алды.
Жалпы жоғарыда ұйымдастырылған шараға қатысушылар өздерінің ризашылығын білдірумен қатар, түсті орамал тағуға қызғушылықтары оянғаны байқалды. Олардың тарапынан алда осындай іс-шаралар жиі өткізіп тұруға ұсыныс жасалды.

     

Close Menu