Қазақстан – ұлы достық мекені

Қазақстан – ұлы достық мекені

Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырсы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қоры «Қазақстан – ұлы достық мекені» атты этномәдени бірлекстіктердің қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан Халқының Бірлігі мерекесіне орай концерттік шара ұйымдастырылды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып отырған 20 этномәдени орталық бар. Атырау қаласы тұрғындарының этностық құрамы бір текті: 87 пайызы қазақтар, сонымен қатар 29 696 орыс, 2 694 кәріс, 1 950 татар, 1 204 өзбек ұлты тұрады.Қалған этностардың саны мыңнан төмен.Атырау облысы бойынша 9%  этномәдени орталық басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.

Мерекелік шарада өзінің өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерген «Светоч» славян этномәдени бірлестігі,  қазақ руханиятының мақтанышы Қарақат мектеп студиясының «Домбырашылар тобы», «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі, «Татулық» татар этномәдени бірлестігінің басшысы Г.Байкенова басшылық еткен «Балет Атырау» би студиясы т.б.

Барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай болып күш біріктіріп, еселі еңбек етіп, бір-біріміен ежелгі достық қатынаста тұрып жатқан атыраулықтарды құттықтау үшін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Серікұлы Тналиев құттықтау сөзін сөйлеп, қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының Алғыс хатымен еңбек ұжымдарын мараппаттады.

Close Menu